Сабақтың тақырыбы: Психологияға кіріспе Қарастырылатын сұрақтар: Адам жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары



бет3/4
Дата23.12.2021
өлшемі34,9 Kb.
#127871
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1дәріс

Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары.

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40 -қа жуық саласы бар.ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, эдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, эдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға эсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік эдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мэселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық эрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.

Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шэкірттердің психика дүниесіне эсер ету үшін, оларды дұрыс тэрбиелеп, нэтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық эрекеттерінің мазмұнын, өсіп -дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тэрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін.

Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына эсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің эсері.



Еңбек психологиясы - бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сэйкес кэсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек эрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нэтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мэселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.

Инженерлік психология - еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мэселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындегі эрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады.

Арнайы психология - адамның психикалық қызметінің эр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.

Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология -мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология - соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді.



Заң психологиясы - құқыққа қатысты мэселелерді реттеу жэне оларды тэжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мэселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куэлэр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куэлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тэрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды эрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарын қарастырады.

Зоологиялыц психология - жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді.

Салыстырмалы психология - адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады.

Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:

а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;



ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерге бөлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психология дан.

Әскери психологиясы - адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқу-тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.

Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тэрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-эрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру жэне күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мэселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани жэне моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.

Даму психологиясы - эр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, эр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы жэне қарттық психология салалары бар.

Ғарыш психологиясы - психологияның ең жас жэне жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік жэне моральдық даярлығы мэселелері білім беру мен жаттықтыру тэсілдерін зерттеумен шұғылданады.

Өнер психологиясы - қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тэрбиемен музыкалық көркемдік жэне эдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мэселелерді зерттейді.

Әлеуметтік психология- эр түрлі элеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл - күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мэселелерімен айналысады. Мұнда эр бір этностардың қарым -қатынасын, дін психологиясының өзекті мэселелерін де зерттейді.

Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар,

корпорациялар, ұжымдар, ресми жэне биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады.

Басқару психологиясы - басқару ісінің элеуметтік-психологиялық мэселелерін шешу, басқарушы қызметтің жэне оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мэселелерін шешеуге бағытталады.

Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет