Алгебра оқулықтың авторлары: А.Әбілқасымова, Т. Кучер,В.Корчевский,З. Жұмағұлова,2012 жыл
I.
-Сыныпқа жалпы сипаттама: сыныпта барлығы 12 оқушы, оның 1 оқушысы (Ескулова Алмагүл ) аудандық спартакиадаға қатысушы,1 оқушысы ауырып жатыр (Найманов Аңсар), қатысқаны -10 оқушы
6 оқушы «4»-тік, 6 оқушы «3»-тік бағаға оқиды.
б) Құрамында рационал көрсеткішті дәреже және n-ші дәрежелі түбірі бар өрнектерді түрлендіру
Талдау элементтері
|
Қорытынды
|
1.Сабақтың мақсатын талдау
|
Сабақтың мақсатының дұрыс қойылуы
|
Математика пәні сабағының білімділік,тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары тақырыпқа байланысты қойылды.
|
Бағдарлама талаптары
|
Сабақ мақсаттары ҚР 12 жылдық білім беру МЖБС байқау жобасының талабына сай келеді.
|
Материалдық мазмұны
|
Оқытылатын материалдар мазмұны оқытудың жаратылыстану -математика бағыттарына сай келеді.
|
Оқушылардың білімдері мен дағдыларының қажетті деңгейі
|
Оқушылардың біліміне,дағдысына,ұғымына сәйкес алгебра пәнінің тақырыбы оқытылды.
|
Оқушылардың дайындық деңгейі
|
Әр оқушының қабілеті ескерілді.
|
Оқытудың соңғы нәтижесі
|
Оқушылар дағдысын,шеберлігін қалыптастыру.
|
Оқушыларды мақсатқа жеткізудің әдістері мен формалары
|
Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылды.
|
Қойылған мақсатқа жетудің сатылары
|
Қойылған міндеттерді түгел орындау.
|
2. Cабақты ұйымдастырудың және құрылымына талдау
|
Сабақтың құрылымы мен сәйкестігі
|
Сабақ құрылымы сабақ типіне сәйкес келеді.
|
Сабақтың логикалық реттілігі мен этаптарынының байланысы
|
Сабақтың бөлімдерінің өзара байланыстырып реттеу.
|
Сабақтың зтаптарына уақытты бөлудің мақсаттылығы
|
Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып тиімді ұйымдастыру.
|
Математика кабинетіндегі құралдарды пайдаланудың тиімділігі
|
Математика кабинетіндегі құралдар өтілетін тақырыптарға байланысты сабақ барысында қолданылды, кейбір техникалық ақаулар болып қалды.
|
Оқушылар мен мұғалімнің еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруы
|
Мұғалімнің ойластырумен,оқушылардың ойлау қабілеттері арқылы жүргізеді.
|
Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру
|
Уақытымен және жоспар бойынша
|
Сабақ жүргізу ырғағының тиімділігі
|
Қазақ тілінде түсінікті етіп жүргіздім.
|
Сабақ жоспарының болуы және оның орындалу дәрежесі
|
Сабақ жоспары әр сабақта ойластырып жасалады,пайдаланылады.
|
3. Сабақ мазмұнын талдау
|
Сабақ мазмұнының стандарт талабына дәл келуі
|
Сабақ мазмұны ҚР 12 жылдық білім беру МЖБС байқау жобасының талабына сай келеді.
|
Баяндаудың ыңғайлығы
|
Мұғалімнің материалды баяндау деңгейі оқушылардың түсінуіне игеруіне дәл келеді.
|
Баяндаудың ғылымилығы
|
Мұғалімнің материалды баяндауы оқулық мазмұны негізінде оқушылардың білім деңгейіне сәйкес қосымша материалдар(интернет желісінен) пайдаланды.
|
Сабақтың мазмұнының өмірмен байланыстылығы, кәсіптік бағдар беру
|
Әрбір сабақтың өмірмен тығыз байланыс орнаған және әрбір оқушының келешек мамандығы ескерілді.
|
Сабақ мазмұнының оқушылар қажеттілігі мен қызығушылығына байланыстылығы
|
Әрбір сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылар қажеттілігі,қызығушылығы ескеріліп өткізілді.
|
Оқушылардың ізденушілігі өз бетімен ойлауы оқу әрекетінің бейімділігін қалыптастыру
|
Оқушылардың өздігінен ойлауы, оқу әрекеті, белсенділігі әр сабақтың материалдарына байланысты жүзеге асыру мұғалімнің негізгі міндеті деп есептеймін.(Балық сүйегі )
|
4.Сабақ үстіндегі оқушылар жұмысына талдау
|
Сабақтың әр бөліміндегі оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігі
|
Оқушылардың сабақ барысында жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігін әр түрлі жұмыс формаларымен, жауаптарын бағалаумен асырды.
|
Сабақ және тақырыпқа қызығушылық
|
Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен,әдістерімен мұғалім жүзеге асырады.(деңгейлік есептер, генеалогиялық әдіс бойынша постер құрау)
|
Сабақтағы еңбектің мәдениеттілігі.Оқушылардың жұмыс түрін ұйымдастыруы
|
Оқушылдар сабақта уақытты тиімді пайдалануды,оқушылар ережесін сақтауды,жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды мұғалім көмегімен қалыптастырады.
|
Оқушылардың бірдей талапты орындауы
|
Математика жұмыс дәптерін жүргізу, бағалау парағын толтыру, талапқа сай ұстауы.
|
Оқушылар білімі мен дағдыларының сапасы
|
Оқушылар мұғалімнің бағалауына оң көзбен қарайды,өйткені олар жауаптарына өзіндік бақылау,өзіндік бағалау жайын біледі.
|
Сәтті өткен
|
Жоспарланған тапсырмалардың орындалуы
|
Сәтсіз өткен
|
-Техникалық ақаулардың орын алуы,
-сабақ басындағы оқушылардың алдына қойған мақсаттарының , сабақ соңында орындалу деңгейі жайлы сұралынбай қалды.
|
5. Үй тапсырмасына талдау
|
Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен тәсілдері
|
Тест жұмысын компьютерде орындау .
|
Үй тапсырмасының көлемі
|
Үй тапсырмасының көлемі өтілген материалдың қиындығына байланысты беріледі.Оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне қарай.
|
Сабақ беру барысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауға дайындау
|
Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде оқушыларға түсінік жасалды.
|
6. Сабақтың шартына санитарлық-гигиеналық баға беру
|
Тақтаны пайдалану
|
Математика кабинетінде қоңыр түсте,магнитті тақтамен жабдықталған.Оқушыға қолдануға қолайлы.
|
Бөлменің жарықталуы,тазалығы
|
Математика кабинеті күндізгі жарық шамымен жарықталған,тазалық талапқа сай.
|
Көрнекілікті пайдалану,қолдану
|
Таблица.дискриптор, сабақтың соңындағы көңіл күйді бейнелейтін суреттер стандартқа сай жасалған.
|
Техника қауіпсіздігін сақтау.
|
Мұғалім оқу жылы басында әр сыныптың оқушыларын техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып,арнаулы журналға қол қояды.
|
7. Сабақтың психологиялық талдауы
|
Оқушылардың сабақ алдындағы психологиялық жағдайы
|
Мұғалім оқушыларды сабаққа психологиялық жағдайға дайындауға көңіл бөліп әр түрлі әдістеме қолданылады.
Өткен сабақ туралы қызық фактілер арқылы оқушылар көңіл –күйін сабақта рефлексияда дайындайды.
|
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
|
Осы мақсатты мұғалім түрлі проблемалық
жағдайлар туғыза отырып өтілетін материалдарға байланысты оқушылардың ойлау қабілетіне жағдай жасайды.
|