Сабақтың тақырыбы: Радиоқабылдағыштар (тексеру жұмысы)



Дата25.08.2017
өлшемі91,99 Kb.
#27370
түріСабақ

Сабақ өткізілетін күні

« » 2016 жыл

ІІ курс № 2-14 топ
«Бекітемін»

Директордың оқу өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары

А. Романкулов



Өндірістік сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Радиоқабылдағыштар (тексеру жұмысы).
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды радиоқабылдағыштар және оның түрлерімен таныстыра отырып, білімдерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жабдықтармен жұмыс істеу барысында, жұмыс орнында техника және еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыруын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдыларын дамыту.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық картасы, бейне көрсетілім, схемалар, слайдтар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:

1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру


Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:

 

1895 ж. орыстың ұлы ғалымы А.С.Поповтың радиобайланысты ойлып табуы – ғылым және техникадағы ұлы ашылулардың бірі болды.



1864 ж.ағылшын физигі Максвелл электромагниттік толқындардың бар екендігін теория жүзінде дәлелдеді. 1888 ж.неміс оқымыстысы Герц тәжірибе жүзінде мұндай толқындардың бар екендігін дәлелдеді. Герц тәжірибесі – кеңістікте Румкорф катушкасының көмегімен «резонатор» арқылы қабылданылып отырған әлсіз электромагниттік тоқындар пайда болуына негізделді. Резонатордағы әлсіз ұшқын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің қабылданылатынын көрсетті. Осы тәжірибеден кейін көп ғалымдар Герц толқынының көмегімен сымсыз байланыс үшін пайдалануға тырысты. Алайда, бұл айтарлықтай нәтиже бермеді.

1895 ж. 7 мамырында Орыстың физико-химиялық қоғамының Физикалық бөлімшесінің отырысында А.С. Попов электромагниттік тербелістерді қабылдай алатын құрылғыны көпшілікке көрсетті. Бұл дүние жүзіндегі алғашқы радиоқабылдағыш құрылғы болды.

Поповтың радиоқабылдағыш құрылғысының басқа зерттеуші ғалымдардың құрылғыларынан екі ерекшелігі болды: антеннасының болуы және қабылданған сигналды күшейтілуімен.

Кейін Попов өзінің ойлап тапқан қабылдағышына электромагниттік тербеліс жиілігін резонанс жиілігімен өзгерте алатын тербелмелі контур қосып, оның сезгіштігін арттырды.

1904 ж.ағылшын ғалымы Флеминг екіэлектродты шамды (диод) ойлап тапты, ал 1906 ж. Ли де Форест осы лампаға басқарушы тор – үшінші электродты қосты. Электрондық шам радиобайланыс техникасында үлкен өзгерістер алып келді. Радиоқабылдау техникасының әрі қарай дамуы осы электрондық шамдардың дамуымен тікелей байланысты болды. 1918 ж. бастап радиоқабылдағыштың сезгіштігін және таңдаулығын (избирательность) айтарлықтай арттыра алатын регенеративті схеманы қолдана бастады.

1918 ж. Армстронг супергетеродинді қабылдағыш схемасына патент алды. 30-шы жылдардың басында көпторлы шамдар ойланып табылды, содан кейін шығарылып жатқан радиоқабылдағыштар үшін супергетеродинді схемалар негізгі болды.

Жартылайөткізгішті электрониканың дамуы қабылдаудың түрлі әдістерін ойлап табу мен ақпараттарды өңдеудегі жаңа бағыт – микроэлектроникаға алып келді. Жаңа заманғы микроэлектроникадағы табыстар радиоқабылдағыштың негізгі параметрлерін жақсартуға мүмкіндік берді. Радиоқабылдағыштың толық функционалдық тораптары мен блоктарының интегралдық микросхемалармен алмастырылды, айнымалы сыйымдылық пен варикапты матрицалардың алмастырылуы радиоқабылдағышты құрастырудағы жаңа әдістерге алып келді.

Радиоэлектронды құрылғыларды өндірудің жаңа заманғы технологиясы радиоқабылдағыш құрылғылардың сапалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі заманғы радиоқабылдағыш құрылғылар ғарыштық стнциялармен сенімді байланысты қамтамасыз етеді, спутниктік байланыс жүйесінде және мыңдаған километрлік радиорелейлік желілерде жұмыс істейді. Қазіргі таңда теңіз, авиация радиолокациондық станцияларсыз жұмыс істей алмайды.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция радиотехниканың дамуында, соның ішінде радиоқабылдағыш құрылғылардың техникасында өзінің орнын тапты.


Кіріспе нұсқауды пысықтау:
Радиоқабылдағыш — радиосигналдарды немесе табиғи радиосәулеленуді қабылдауға арналған (антеннамен бірге) және олардың ішіндегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін радиоэлектрондық құрылғы. Қолданылуына қарай хабар беруші, теледидарлық, байланыстық, радио-локациялық деп бөлінеді.

Детекторлық радиоқабылдағыш  антеннадан, туралаушы тербелмелі  контурдан,  кристалдық детектордан және құлаққа ілетінтелефонная тұратын қарапайым радиоқабылдағыш. Шамның (XX ғасырдың 40—50 жылдары), одан кейін  транзисторлық қабылдағыштардың шығуына байланысты детекторлы қабылдағыш өз мәнін толық жоғалтқан.

Тікелей күшейту радиоқабылдағышы — радиоқабылдағыштардың ең қарапайым түрлерінің бірі.

Құрылысы

Тікелей күшейту радиоқабылдағышы тербелмелі контурдан, бірнеше жоғары жиілікті күшейту каскадынан, диод детекторынан және бірнеше төменгі жиілікті күшейту каскадынан тұрады.

Тербелмелі контур қажетті радиобекеттің сигналдарын басқа радиотолқындардан бөліп алу қызметін атқарады. Көбінесе тербелмелі контурдың баптауы сыйымдылығы өзгертілмелі конденсатордың көмегімен өзгертіледі. Тербелмелі контурға антенна, кейде жерқосқыш қосылады.

Тербелмелі контур бөліп алған сигнал содан соң жоғарғы жиілік күшейткішіне беріледі. Жоғарғы жиілік күшейткішті (ЖЖК) әдетте бірнеше каскадтан тұратынтранзисторлық күшейткіштен құрастырады. ЖЖК-дан күшейтілген сигнал диодты детекторға жіберіліп, детектор оны дыбыс жиілігіндегі сигналға айналдырады. Дыбыс жиілігіндегі сигнал тағы бірнеше каскад төменгі жиілік күшейткішімен (ТЖК) күшейтіліп, одан әрі дыбыс зорайтқышқа немесе құлаққапқа беріледі, сонда радиохабарды тыңдауға болады.

Арнайы әдебиетте тікелей күшейту радиоқабылдағыштарын кейде жоғарғы және төменгі жиілікті күшейту каскадтарының саны бойынша белгілейді. Мысалы 2-V-3 деген белгі сол радиоқабылдағыш 2 жоғары жиілікті күшейту каскадынан, диодты детектордан (V белгісі) және 3 төменгі жиілікті күшейту каскадынан тұрады дегенді білдіреді.Детекторлы қабылдағышты тікелей күшейту радиоқабылдағышының бір түрі ретінде қарастырып, оны 0-V-0 деп белгілеуге болады (яғни онда сигнал күшейтілмейді деген сөз).


Артықшылықтары және кемшіліктері

Тікелей күшейту радиоқабылдағышының басты артықшылығы — оның құрылымының қарапайымдылығы, оны тіпті бастаушы радиоәуесқой да құрастыра алады. КСРО-да арнайы радиоконструкторлар, яғни транзисторлық тікелей күшейту қабылдағышын жасауға арналған арнайы бөлшектер жиынтығы сатылатын, кейбір елдерде ондай нәрсе қазір де бар. Оның тағы бір артықшылығы — супергетеродинді радиоқабылдағыш сияқты тікелей күшейту радиоқабылдағышы жанама толқындар таратпайды, бұл қабылдағыштың құпиялылығын сақтау керек болса өте маңызды.

Тікелей күшейту қабылдағышының басты кемшілігі — оның талғампаздығының төмендігі, яғни ол керек радиобекеттің толқынымен қоса жиілігі оныкіне жақын басқа радиобекеттердің де сигналдарын қабылдайтыны (айта кететіні, регенеративті радиоқабылдағыштар да тікелей күшейту қабылдағыштарына жатса да, олардың бұндай кемшілігі жоқ). Сондықтан бұндай қабылдағыштарды тек ұзын немесе орта толқындарда жұмыс істейтін қуатты радиобекеттердің хабарларын қабылдауға ғана тиімді (орта және ұзын толқындар ерекшелігі — олар онша алысқа тарамайды, сондықтан радиоқабылдағыш жергілікті радиобекеттерді ғана қабылдай алады). Осы кемшілігінің себебінен тікелей күшейту радиоқабылдағыштарын өнеркәсіп шығармайды және негізінен радиоәуесқойлар тарапынан пайдаланылады.

Үш бағдарламалы қабылдағыштар да тікелей күшейту радиоқабылдағыштарына жатады.

Алғашқы кеңес теледидары КВН-49 да тікелей күшейту әдісімен жұмыс істеген. Оның себебі, ол метрлік ұзындықты толқындар диапазонында тек 3 бағдарлама ғана қабылдауға жасалған болатын, ал метрлік диапазонда тікелей күшейту арқылы да жақсы талғампаздыққа қол жеткізуге болады.



ІІІ. Ағымдық нұсқау:

  1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу

  2. Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау

  3. Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру


1-аралау. Білім алушылардың жұмыс орындарын аралау.

2-аралау. Білім алушылардың жұмыс барысында техникалық нұсқау картамен жұмыс жасауын тексеру.

3-аралау. Жаттығу кезінде іс-қимылдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің дұрыстығын тексеру.

4-аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

5-аралау. Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша нұсқау беру.

6-аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру,

7-аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру.
ІV. Қорытынды нұсқау:

1.Сабақты қорытындылау ,бағалау.

2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.

3. Үйге тапсырма беру: Арнайы технология,жадығаттану,т.б.


Өндірістік оқыту шебері: М.Касымова


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет