Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
10 сынып ЖМБ
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1 апта 2 - сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
10.1 Атом құрылысы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Радиоактивтілік
|
Оқу мақсаты:
|
10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру;
10.1.2.4 изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің протон/нейтрон қисығын қолдану;
|
Бағалау критерийі:
|
- радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіреді;
- изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің протон/нейтрон қисығын қолданады;
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату;
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу;
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырмасын ұсыну, оқушылар өз бетінше орындауы керек;
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
Химия сабағынан атомның радиоактивті ыдырауы туралы оқып үйренуді жалғастырамыз.
Сабағымыздың тақырыбы: Радиоактивтілік.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Радиоактивті ыдырау;
Сенің меңгеретінің:
• Радиоактивті ыдырау түрлерін ажырату;
α, β, γ - сәулелерінің қасиеттерін спаттау; денеден өту мүмкіндігін анықтау;
Протон-нейтронды диаграммасын қолданып,тұрақсыз изотоптарды анықтау
|
|
|
Презентация Слайд 1
Слайд 2
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру
Алдыңғы сыныптардағы изотоптар туралы білімді еске түсірейік.
Сұрақтар:
Изотоп деген не?
Изотопты зерттеген кімдер?
Изотоптар қоршаған ортада қандай мөлшерде кезедеседі? Алыс жерлермен телефон арқылы сөйлесу қалай жүзеге асад?
Біз бүгін жаңа ұғымдар “Радиоактивті ыдырау, альфа бета және гамма сәулелер” мен танысамыз.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Радиоактивтілік дегеніміз – тұрақсыз изотоптардың ядролық ыдырауы.
Мұндай элементтердің атомдары тұрақты күйге жету үшін артық энергияны немесе массаны шығара отырып, ядролық сәулеленуді жүзеге асырады.
Альфа мен бета сәулелері – бөлшектік сәулелену, олар қағаздан қалыңырақ затпен тоқтатылады.
Гамма сәулелері электромагниттік сәулеленудің түрі, ол экстремалды өткір.
Тұрақты изотоптар радиоактивті ыдарауға ұшырамайтындықтан, олар табиғи жағдайда сақталады.
Табиғи элементтердің көпшілігі тұрақты изотоптардың екі немесе одан да көп қоспаларынан тұрады.
Тұрақты изотоп саны ең көбі (10 изотоп) - қалайы. Сирек жағдайда, алюминий немесе фосфорда табиғатта тек бір ғана тұрақты изотоп кездеседі, ал қалған изотоптары тұрақсыз.
Радиоактивті изотоптар табиғи және жасанды болып келеді. Екеуі де өздігінен ыдырайды. Ол кезде α- немесе β- бөлшектерді сыртқа шығармайынша тұрақты изотоп түзілмейді.
Ғалымдардың айтуы бойынша ядросында 84 протоннан көп протон болатын атом ядролары тұрақсыз, олар уақыт өте келе ыдырауға ұшырайды. Қорытынды нейтрон және протон сандарының айырмасы үлкен болса, изотоптар тұрақсыз болады. Радиоактивті нуклидтердің ыдырау жылдамдығын жартылай ыдырау периоды деп аталатын шамамен сипаттайды.Жартылай ыдырау периоды деп Т1/2 радиоактивті изотоптың бастапқы бастапқы атомдар санының 2 есе азаюына кететін уақытты айтады.
.
|