Сабақтың тақырыбы «Рәміздерім- мақтанышым»



Дата17.12.2019
өлшемі0,86 Mb.
#53679
түріСабақ
Байланысты:
Рәміздерім мақтаныш

Рәміздерім- мақтанышым.


Сабақтың тақырыбы «Рәміздерім- мақтанышым»

Сабақтың мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың  білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын  арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін  ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі:  тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі:  аралас

Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті сөзімен, ҚР-ның рәміздері, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалім кіріспесі.

3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.

4. Мәнерлеп оқу минуты ( Рәміздер жайлы өлеңдер оқу).

5. Бекіту. Топтық жұмыс

6. Қорытынды.



II.Кіріспе. Құрметті оқушылар! Бүгінгі Білім күнгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран орындалады)

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?



1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Әнұран қабылданды. Сонымен мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да 22 жыл толды. Енді сөзді топтарға берейік.

 І топжетекшісі:  Біз Ту туралы айтамыз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!



 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.


2-оқушы. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

3-оқушы.

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.



4-оқушы. «Қазақстан Жалауы»

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым.

С.Қалиев


5-оқушы. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды. (Слайдтан Елбасы сөзін оқыту)

«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».

Н.Ә.Назарбаев

III. ІІ топ жетекшісі:  Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.



2-оқушы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті – алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

 3-оқушы. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков.

Шот-Аман Ыды­рысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан об­лы­сы Айыр­тау ауда­ны Сы­рым­бет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, про­фес­сор, Шығыс ел­дері Ха­лықара­лық сәулетші ака­деми­ясы­ның ака­демигі.

 4-оқушы. Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.

 5-оқушы «Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жар күші.

Қара шаңырақ ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Т.Молдағалиев



ІІІ топ: жетекшісі:

Біздің топ Мемлекеттік Әнұран туралы айтып береміз.



 Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

2-оқушы. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.



3-оқушы.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

 4-оқушы.

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСР-нің Үкімет басшысы және Елбасы жоғары лауызымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.



5-оқушы.

Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.



Мұғалім. Балалар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.

IV. Мәнерлеп оқу минуты: Ту, Елтаңба жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқу. Бейнекөрініс «Еліміздің жетістіктері»

V. Бекіту. 

1-топ: Еліміздегі егемендік алғаннан кейін тарихи өзгерістер

2-топ: Рәміздер жайлы не үйрендік?

3-топ: Отан туралы мақалдар жазу.

VI. Қорытынды.

Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында Отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.



Ән « Қазақстан бақытты»

3 Күршім гимназиясы.



Рәміздерім- мақтанышым.

Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет