Сабақтың тақырыбы: Рентгендік сәулелер. Есептер шығару Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата10.04.2024
өлшемі28,32 Kb.
#200702
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рентгендік сәулелер. Есептер шығару

Рентген сәулелерінің құрылысы. Қазіргі кезде рентген сәулелерін шығарып алу үшін, рентген түтіктері деп аталатын құрылғылар жасалған. Олардың конструкциясын Рентген жасаған
1-суретте электрондық рентген түтігінің ықшамдалған схемасы кескінделген. Катод 1 вольфрамнан жасалған қыл сым, ол термо электрондық эмиссия есебінен электрондар шығарады. Цилиндр 3 электрондар ағынын фокустайды, сонан соң олар металл электродпен 2 (анодпен) соқтығысады. Осыдан рентген сәулелері туындайды. Анод пен катодтың арасындағы кернеу бірнеше ондаған киловатқа жетеді. Түтікте, толық вакуум жасалады; ондағы газдың қысымы 10-5 – 10-7мм сынақ бағанасына тең болады.
Зарядталған бөлшектерді бір нүктеден екінші нүктеге дейін қозғалту үшін электр өрісі жұмыс атқарады. Ол жұмыс өріс нүктелері арасындағы кернеу ( ) мен бөлшек зарядының (q) көбейтіндісіне тең болатынын білеміз:
Электронды үдету механизмінің құпиясы өрістің атқаратын жұмысы арқылы түсіндіріледі. Расында да, өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энергиясы өседі, яғни жылдамдығы артады:
Мұндағы U – электродтарға түсірілген кернеу; Электронның жылдамдығы; – электронның массасы; е – электронның заряды.
Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы м-ден дейіңгі диапаз онда болады.
Қуатты рентген түтіктерінде анод сумен салқындатылады, өйткені электрондар тежелгенде көп мөлшерде жылу бөлініп шығады. Электрондар энергиясының 3 ғана пайдалы сәулеге айналады.. Олардың өтімділігі зор және медицинада, сондай-ақ кристалдар мен күрделі органикалық молекулалардың құрылымын зерттеу үшін пайдаланылады.
Жаңа сабақты пысықтау: ( есеп )

  1. Егер рентген түтігінің рентген спектріндегі ең «қатты» сәулелерінің жиілігі 1019 Гц болса, рентген түтігі қандай кернеумен жұмыс істейді? (ФЕЖ, №1128 – есеп)

  2. Рентген спектріндегі минимал толқын ұзындығын анықтау үшін l=1,24/U формуласын пайдаланады (мұндағы l-нанометрмен өрнектелген минимал толқын ұзындығы, нм, U-түтіктегі киловольтпен алынған кернеу, кВ). Осы формуланы қорытып шығару керек. Егер түтіктің анодтық кернеуі 20 кВ болса, рентген сәуле шығарудағы минимал толқын ұзындығы қандай? (ФЕЖ, №1129 – есеп)

  3. 50 кВ кернеумен жұмыс істейтін және 2 мА ток тұтынатын рентген түтігі секундына 5*1013 фотон шығарады. Сәуле шығарудың орташа толқын ұзындығы 0,1 нм деп есепетеп, түтіктің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәуле шығарудың қуаты тұтынатын ток қуатының қанша процентін құрайтынын анықтаңдар. (ФЕЖ, №1130 – есеп)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет