2.Төмендегі жаттығуларды орындаңыздар: 1-жаттығу. Мәтіндегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қойыңыздар.
Оспан үлкен қара өгіз секілді де Итемген үлкен өгіздің қасында мұрнын
шүйіріп қорқып тұрған көпей торпақ секілді. (Ғ.Мүс.) Көшеде жалғыз кетіп
бара жатыр еді артынан қазақтың көп балалары қуып жетті. (Ж.А.) Әлде жазғы
күннің тыныштық әсері ме әлде күйдің күштілігінен бе әйтеуір Мекежайдың
ойы мен бойын түгел қуаныш тербетті. (Ғ.Мүс.) Қалай Бәдіғұлдың жылқысын
бақтым солай көзім ашыла бастады. (Ж.А.) Ақбілек олардың бетіне тура қарай
алмады кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті. (Ж.А.)
Қуандықтың Мұқышы деген жастау жігіттің арбасына мінген Сәкен оны-
мұныны сұрастырып көріп еді арба иесі айналып-үйіріліп өз жайын әңгімелей
береді. (Т.К.) Бағасын сұрап еді удай екен. (Т.К.) Тырнақ астынан кір іздегенге
сылтау табу қиын ба Сәкен тағы да айыпты болып шықты. (Т.К.) Кешеден бері
көргені көңілін көтерер еді Ысқақ сөзі сейілтіп жіберді. (Ғ.Мүс.) Тойдан
шыққан арыстандай үйден бұлқына шыға келген оған дүниені өрт қаптаған
сияқты болды жер де көк те өсімдік те ауыл да мал-жан да қып-қызыл боп
елестеді. (С.М.)
2-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазыңыздар
Бес-алты адым аттады ма жоқ па әлде шөптің әлде шүберектің
сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. (Ж.А.) Әйтсе де
осы молданы өз ауылы сыйлайтын қыстауға қонса бата оқыр болса мал өлсе
құрмалдық берсе бас пен жамбас молданың алдына тартылатын. (Ж.А.) Ет пен
қымыздың желігі ме әлде жайраң қаққан көңілдің көтеріңкілігі ме
«Затондағыларға ойын қойып берейік» деген ұсыныс айтылып қалды. (Т.К.)
Мұның Стамбулда оқығаны өтірік деп те лақап таратты бірақ ешқайсысы білім
таластыруға дәті бармай жолбарыстың алдындағы мысықтай «ишанбысыз
саумысыз» деп жылмаңдай береді. (Т.К.) Төлеген қазақшалығы ұстады ма
немесе бір күніме керегі болар деді ме жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа
шақырған еді. (Ж.А.) Кіре қажытып келе ме әкелгендері базарлы болмады ма
Ақсары болысынан келген керейлердің қабағы қатыңқы. (Т.К.) Почта арқылы
да жіберуге болатын еді бірақ мына кісі тез жетеді ғой сонсын менің амандық-
саулығымды айтып, қазақ елін жақсы білетін жазушы Ф.Березовскийге жақын
жүргенімді ауызба-ауыз айтады ғой деген көңіл желігі аяқ астынан хат
жазғызған-ды. (Т.К.)