Сабақтың тақырыбы: «Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері»



бет12/44
Дата18.11.2019
өлшемі7,21 Mb.
#52014
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
робототехника 11111


Жеке жұмыс (10 мин)

Компьютерде EV3-дің бағдарламасын орнату , ашу, интерфейсін көріп шығу.





Қорытындылау:

Ой қорыту. (5 мин) Оқушыларға түсінбеген қате кеткен тұстарына түсінік беру.

Келесі тапсырма:

Түсінбеген немесе қиындық тудырған мазмұндарды оқу, келесі тақырыпты оқу.

Бағалау:

Жиынтық бағалау бойынша

Рефлексия:

Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін жазады

Сабақ: №9 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы: LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу



Сабақ мақсаты

3D модельдеу

LEGO® Digital Designer бағдарламасының қызметін түсіндіру

LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеуге деген қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже

LEGO® Digital Designer атты 3D модельдеу бағдарламасымен танысу. EV3-дің негізгі үлгідегі роботын жобалау.

Түйінді идеялар:

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, топтық жұмыс, табыс сатысы әдісі, ыстық орындық әдісі

Пәнаралық байланыс:

Информатика, физика

Ұйымдастыру кезеңі




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық көңіл-күйді  реттеу

Бір-біріне алақанға алақан қой-ып сәттілік тілейді

Белсенді бол

Ойың ұшқыр болсын

Сәттілік, мақсатыңа жет

Идеялы бол, ұтқыр бол


Табыс сатысы бойынша

1-баспалдағы "Мен білемін"

"Ыстық орындық" әдісі


Бағдарламалау тілінің хронологиясы:

Фортран


ЛИСП (LISP) ("LISt Processor“)

КОБОЛ (COBOL)

Бейсик (BASIC)

Паскаль (Pascal)

Си

Cи++


Ада (ADA)

Matlab


Mathematica

Visual Basic

HTML (HyperText Markup Language)

Java


PHP (Personal Home Page)

C# (C Sharp)




Жылдарын айтады, тез, нақты жауап беру керек

LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 бағдарламасы жөнінде тест




2 - баспалдағы Мен ТҮСІНЕМІН

Жаңа тақырып

Тақырыптың  мазмұнын қысқаша баяндайды (слайд көрсету арқылы), тақырыптың ең маңызды жерін ең қызық жерін табады,оны  неге қызық деп тапқанын айтады,тақырып туралы ақпарат жинайды


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, түсіну

Сергіту сәті

3-баспалдағы МЕН ЖАСАЙ АЛАМЫН

«Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін» мақалын негізге ала отырып сарамандық жұмыс

LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу

Слайдта көрсетілген инструкция бойынша

Жинақтау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

LEGO® Digital Designer бағдарламасының құрастыру құралдарының аттарын жазу (флипчартта)








Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.

Сабақ: №10 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақ тақырыбы: LEGO Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу



Мақсаты:

LEGO Digital Designer бағдарламасының жұмыс істеу принципімен оқушыларды таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

LEGO Digital Designer бағдарламасында оқу роботының моделін жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Негізгі идея:

Оқушыларды ұқыптылыққа, топта жұмыс істеуге, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ жоспары:



Уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

ҚБ

1

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Релаксация. Жеке заттары арқылы оқушыларды топқа бөлу. Топбасшы және бағалушы сайлайды.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: 1 топ-моторлар; 2 топ- датчиктер; 3 топ-порттар. Әр топ өздерін таныстырады.

Бағалаушы топтарды бағалайды.

2

5 мин

Ой қозғау: Шағын тест

Өткен тақырыптар бойынша оқушылар 5 сұрақтық тест дайындап келеді

Бағалаушы топтарды бағалайды.

3

15 мин

Жаңа сабақ: Джиксо әдісі.

Интербелсенді тақтада 1.10 презентация көрсетіледі.

Оқулықтағы тақырып 3 тақырыпшаға бөлініп, әр топқа беріледі.


1 топ: LEGO Digital Designer бағдарламасының нұсқаулығымен таныстыру.

2 топ: LEGO Digital Designer бағдарламаның жұмыс жасау принциптері.

3 топ: Бөлшектерді таңдау мен байланыстыру


Бағалаушы топтарды бағалайды.

4

2 мин

Сергіту сәті

Биші фонтандар бейнебаянын көру




5

10 минут

Жеке жұмыс

Оқушылар жеке LEGO Digital Designer бағдарламасында оқу роботының моделін жасайды.


Бағалаушы топтарды бағалайды.

6

3 минут

Ой қорыту

Еркін жазу әдісі бойынша

Бағалаушы топтарды бағалайды.

Ресурстар

  1. Robotics.nis.edu.kz

  2. 1.10 презентация

Үй жұмысы:

Оқу роботының моделін аяқтау.

Рефлексия


Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі. Келесі сабаққа ұсыныстар жазады.

Сабақ: №11 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы: «Қозғалыс дегеніміз не? EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау. Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы»




Жалпы мақсаты:

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасауды мегерте отырып, үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы туралы жалпы мәлімет беру және түсінік қалыптастыру

Оқу нәтижелері:

  • Үлкен моторларды және Рульдік басқару блогын қолдану, роботтардың қозғалысын қамтамасыз ету үшін доңғалақтарды калибрлеу.

  • Робот жасау техникасына және технологиясына қызығушылық артады;

  • Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға дағдыланады;

Оқыту әдістері:

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 

  • Топтық жұмыс.

  • Диалогтық оқыту

 Қажетті ресурстар

 Интерактивті тақта, компьютер, презентация, маркер, стикер, бейнефильм, бағалау парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет