Ү.Жаңа білімді бекіту:
1 Адам туралы не білеміз?
2. Ғарышкер
3. Дихан еңбегі жайында әңгімелеу.
4. Шопан
5. Ұстаз
ҮІ .Оқушы білімін тексеру.
-Өзің білетін маман иелері туралы әңгімеле.
-Адамдар бір-бірімен еңбек арқылы байланысатынын дәлелде.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
«Адам дегеніміз мен және біз» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
Адам жайында не білдік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні Бейнелеу өнері
Күні: 21.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Жазықтық пен кеңістктегі композицияның қарапайым тәсілдері композиция дегеніміз не?
Сабақтың мақсаттары
1. Білімділік Бейнелеу өнеріндегі композиция туралы түсіндіру. Саңырауқұлақтар туралы мәлімет беру. Суретін салу жолдарын түсіндіру.
2. Дамытушылық Оқушылардың дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, Композицияны қолдана білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, бейнені дұрыс орналастыруға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Көрнекілікті, түсіндіру, сарамандық жұмыс
Көрнекіліктер: Саңырауқұлақтардың суреттері, альбом, карандаш, үлгілер
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дүниетану
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың дайындықтарын тексеру
Сабаққа назарларын аудару.
2. Өткенге шолу. Ой шақыру. Сұрақтарға жауап алу.
а/ Негізгі түстерді ата: Сары, қызыл, көк
ә/ Қосымша түстерді ата: Қызғылт сары, сия көк, жасыл, қоңыр
ІІ Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Білімділік Бейнелеу өнеріндегі композиция туралы түсіндіру. Саңырауқұлақтар туралы мәлімет беру. Суретін салу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық Оқушылардың дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, Композицияны қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, бейнені дұрыс орналастыруға тәрбиелеу.
ІІІ Жаңа сабақ
а/ Композиция туралы түсінік беру.
Композициялық шешімде симметрия мен ассиметрия үлкен рол атқарады. Суреттің композициясына оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.
- Ою - өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Символикалық өрнектер казіргі таңда өте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл - фирмалық белгілер эмблемасы, сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі және т. б.
- Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттермен шектеледі. Кәзіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады.
ә/ Саңырауқұлақтың суретін салу жолдарын түсіндіру.
б/ Сарамандық жұмыс
Композиция (үйлестіру) - туындының негізгі бөліктерінің белгілі бір жұйеде орналасуы. Картина композициясы тіктөртбұрышта тігінен немесе көлденеңнен орналасады. Сонымен бірге шаршыда, сопақшада, шеңберде орналасуы мүмкін.
ІҮ Қорытындылау.
Балалардың аяқтаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалардың бір-біріне деген пікірлерін тыңдап мадақтаймын.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні Еңбекке баулу
Күні: 23.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан түрлі мүсіндеме жасау.
Сабақтың мақсаты: Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.
Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.
Қолданылатын әдістерді түсіндіру.
Суретті тақтаға ілу
а) Оқушылардың «Көлдегі аққуды» ермексазбен мүсіндеуі.
Көлдегі аралды ермексазбен жасап, шөп орнына қарағай немесе шырша қылқанын пайдалануға болады.
ә) Мысықты мүсіндеу.Оның жатқан қалпын бейнелейік:
1Алдымен денесін,басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап аламыз.
2Бөліктерді жапсырып біріктіреміз.
3Мысық денесіне басын, құйрығын,аяғын, құлағын жапсырамыз.
4Біріккен жерлерін тегістейміз.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:
-Мүсін дегеніміз не?
-«Қөлдегі аққу» компазициясын құрастыруға қандай материалдар қажет?-Аққудың мойнын қалай орнықты етіп бекітуге болады?
-Мысықтың көзін неден жасауға болады?
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен не жасауды үйрендік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні Еңбекке баулу
Күні: 24.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы : Құрастыру реті мен жұмыс жоспары
Сабақтың мақсаты:
1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Мысық мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту (ой шақыру).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
- Көлдегі аққу мүсінін жасадық.
- Аққу қандай құс?
– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Гном бізге ермексаздан «Мысықтың» мүсінін жасауға көмектеседі.
Қауіпсіздік ережесі
– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.
II. Жаңа сабақ
1.Ой ашар
Біз мысықты күнделікті көріп жүрміз. Олар ойынқұмар. Әжеміздің жібімен ойнағанды ұнатады. Одан қалса, пырылдап ұйықтағанды ұнатады. Біз бүгін мысық мүсінін жасаймыз.
- Мысық қандай хайуанат екен?
–...
– Мысық туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
– Сонымен, біз ермексаздан мысық мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
– Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!
2. Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.
Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз.
Сергіту сәті: Мысық әні
IV. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады. Қиялыңдағы мысық шықты - ау деймін.
Мен де қуаныштымын. Жарайсыңдар.
V. Жаңа түсінікті сабақта қолдану
– Мысық туралы өлең білесіңдер ме? Қазір мен сендерге өлең оқып беремін. Мұқият тыңдайық. Өлең қандай көңіл күйде жазылғанына назар салыңдар.
(Өлең оқылып біткен соң, балалардың мысықтың пайдасы туралы, оны қорғауы керектігі айтылады).
- Олай болса, өз мысықтарыңның бейнесін салып көріңдер. (Мұғалім балаларды мадақтап отырады).
VI. Қорытындылау
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
–...
– Не білдік?
–...
– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
–...
VIІ. Мадақтау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні Өзін-өзі тану
Күні: 24.10.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жағдаяттарды шешіңдер:
1. Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол...
2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...
3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...
Рақмет, ата!
Әңгіме
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.
– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
Гүлнар.
– Кімнің баласысың?
– Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.
– Үйде кішкентай Сая бар.
Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
· Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
· «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?
· Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |