Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 18.11.2016оқу жылы
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С.Дөнентаев «Бозторғай» , «Ой» фельетоны
Білімділік: «Бозторғай» , «Ой» фельетоны туралы мәлімет беру;өлең мазмұны,тақырыбы,
идеясын ұғындыру,
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу
мәдениетін жетілдіру;
Тәрбиелік: оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б
Көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Топтастыру» әдісі
ІІІ.Жаңа тақырып . С.Дөнентаев «Бозторғай» , «Ой» фельетоны
Оқулықпен жұмыс.
1.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
«Бoзторғай» - өткен ғасырдағы таптық көзқарасты бейнелейтін өлең. Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен. Бозторғай қанша шырылдап мұңын айтып әлді құстарға жүгінсе де, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, зәбір көрсетеді. Сөйтіп «Бозторғай « заман байқағанға күштінікі» екенін мойындайды. Бұл өлең патша үкіметінің кезіндегі ел билеушілерін сынаған өлең болды.
Жоспар құру:
1. Тұрымтайдaн қoрлық көргeн тoрғай.
2. Бөдeненің қырғиғa жeм бoлуы.
3. Торғaйдың қaршығадан әдiлдік iздеуі.
4. Қаршығaдан қиянaт көргeн шүрeгейлер.
5. Қaздың eтін жeген лaшын.
6. Бұл зaман бaйқағанға әлдiнікі.
Таным деректі оқыту.
1.Бозторғай туралы оқып, әңгімелеу
2.Лашын туралы оқып әңгімелеу
3.Қаршыға туралы оқып әңгәмелеу
4.Қырғи туралы оқып әңгімелеу.
2.Өлең құрылысына талдау.
Бозторғай/ зорлық көріп /тұрымтайдан,/ 11а
Таяныш/ таба алмапты /қырдан, ойдан./ 11а
Болыпты/ мұңын шақпақ,/зарын айтпақ/ 11б
Қырғиды /жолықтырып/ көрсе қайдан./ 11а
3 бунақты,4 тармақты, 1шумақ, қара өлең ұйқасымен жазылған.
«Ой» фельетоны өлеңін мәнерлеп оқу. Мазмұнын айту.
Фельетон -шағын көлемді ,публицистикалық үнді, көркем тілді,сын-сықаққа бай күлкі шақыратын әдеби шығарма.
Әдебиет теориясы
Аллегория ,сатира туралы
Аллегория (пернелеу) -дерексіз нәрсені деректі нәрселерге айналдыру, астарлы ,тұспалдау арқылы суреттеу. Мысалы, мысал жанрда әрбір кейіпкер белгілі бір бейненің немесе қасиеттің иесі ретінде суреттеледі:
Қасқыр-жауыз, қой-момын, түлкі-қу
Сатира дегеніміз-көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеу. Мысалы: С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңі астарлы күлкі мен мысқылға толы. Мұндағы бозторғайдың «Лашын ханға» баруы:
Ирония (грекше ажуа)-адамға ,нәрсеге сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы оған қарсы шығып , және сол нәрсені келекеге айналдыру.
Үйге тапсырма
Сәбит Дөнентаев өмірі туралы оқу,
«Бозторғай» , «Ой» өлеңін түсініп,мәнерлеп оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |