Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Алдабергенова Анар Жәнібекқызы
Сыныбы: 6 «в»
Сабақтың тақырыбы: С. Дөнентаевтің "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:С. Дөнентаев туралы мәлімет беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру;
Дамытушылық:Өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;
Тәрбиелік:Ізденіп оқуға ынталандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі:, интерактив тақта, презентациялар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру,талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс. тарих, география.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Сабаққа оқушылардың зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – топ М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2 - топ. «Казақ тілі» өлеңі
3 - топ. «Мен кім?» өлеңі
Шығармашылық жұмыс: «Ана тілім – айбыным» «Мен кіммін?» эссе (көркемсөз) жазу
«Еркін жауап» стратегиясы:
III.Үй тапсырмасын бекіту.
Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақ
І.«Қызығушылықты ояту» кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы: « Сәбит – мысал жанырының шебер ақыны. «Бозторғай» - патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған өлең». Бейсенбай Кенжебаев
«Түсіну» стратегиясы.С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
«Топтастыру» стратегиясы. Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау
сыншы журналист
ағартушы-демократ ақын
С. Дөнентаев (1894-1933)
публицист қоғам қайраткері
жазушы
сатирик ақын
аудармашы
ІІ: Топпен жұмыс: 1 - топқа: «Мағынаны тану» стратегиясы.
«Заман кімдікі?» Әділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай?
Риторикалық сұрақ дегеніміз не?
Сұрақ-жауап 1.Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау» және «Еркін жазу» стратегиясы . Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің өлең туралы пікірім»
Сәбит заманы
|
Бүгінгі заман бейнесі
|
|
|
Мұғ. сөзі: «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып қалмайық..
2 - топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы
«Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипатта. .
Мысал өлең дегеніміз не?
Қандай мысалшы ақынды білесің?
А.Байтұрсыновтың қай мысалына ұқсас?
Қандай мақал есіңе түседі?
(Кестені толтыру)
Мысал өлеңдегі кейіпкер-лер
|
бозторғай
|
қырғи
|
бөдене
|
қаршыға
|
лашын
|
қаз
|
шүре-гей
|
бүркіт
|
Өлеңнен тауып, сипаттап жаз
|
сорлы,кедей кемтар құс (халі нашар)
|
төре, опа бермес кәпір, құстар-дың жауы
|
өз басын қорғай алмай жүрген сорлы
|
жыртқыш құс,шүре-гейдің қас жауы
|
хан, қаз-дың қас жауы
|
момын кедей
|
жалқау кедей
|
құс патшасы
|
3 - топқа: 2. «Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау).
Екеуі де а,а,б,а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шумақты өлең.
Эпитетті тауып жаз.
Проблемалық сүрақ:
Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.
V. Қорытындылау: Сәбит - қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман Сұлтанмахмұттан кейінгі сатирик ақын. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
VI. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы. (реферат жазу)
VII.Бағалау
Ақтөбе қаласы. Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |