Сабақ (2 )
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 6
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі»
|
Күні:
|
13.02.2019ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Жанахметова Галия Жанатовна
|
Мектеп:
|
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды орта мектеп-лицейі
|
Бөлім атауы
|
«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/Ж: 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
А/И: 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме бере алады,салыстыра алады, сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесіндегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеп, талдау жасай алады.
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінен алынған үзінділерді қайта өңдеп креативті тұрғыда жаза алады
|
Бағалау критерийлері
|
Әңгімедегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу,әңгімеден алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
|
Оқушылар орындай алады
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме береді, салыстырады, сұрақтарға жауап береді, әңгімедегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеп, талдау жасайды, әңгімеден алынған үзінділерді қайта өңдеп креативті тұрғыда жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Кейіпкерлерді атап бере аласыз ба?
2. Кейіпкерлерді бойындағы қасиеттері бойынша топтай аласыз ба?
3. Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?
4. Өмірдің мәні кімдер?
5. Кімнің қадірін білу керек?
6. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?
|
Ишара: мадақтау, жылы шырай таныту, арқаға қағу ,қолдау көрсету
|
Алдыңғы оқу:
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы
|
Құндылықтарға баулу:
|
Мәңгілік ел- ұлттық идеясы. Азаматтық жауапкершілік.
|
Пәнаралық байланыс
|
музыка,қазақ тілі, Қазақстан тарихы.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (7мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуына назар аудару.
Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату.
(1 минут).
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Орындалу шарты: Бөліктерге бөлінген суреттерді (жусан, шана, бұзау) біріктіру арқылы топқа бөліну.
Үй тапсырмасын тексеру «Эстафета» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
(4 минут)
Оқушылар С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінен сөйлемді жалғастырып айтады.
Орындалу шарты:
Оқушылар әңгіме мазмұны бойынша мұғалім айтқан сөйлемді жалғастырып айтады.
Ұсынылатын сөйлемдер:
Ол әжесі екеуі біздің ауылға (42 жылдың жазында көшіп келген)
Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп , (әріптерді үйрете бастады)
Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп (өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген)
Қарлы топырақ араласқан жас қабірге жаутаңдап біраз қарап тұрды да, бір уыс топырақты іліп ап: ( «Топырағың жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді.)
Сол күні Аян әжесінің тумаласы (Бапай деген шалдың үйіне көшті)
Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, (екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен.)
7. Әуелде, біз, балалар, оның (ертегі айтатынын білгеніміз жоқ.)
8. Садық кілт тоқтай қап: (- Әй, анау кім-ей? – деген.)
9. Аян екеуіміз (бір партаға отырғанбыз.)
10. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген (кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.)
Дескриптор:
-оқушы әңгіме мазмұнын біледі;
-сөйлемді жалғастырып айта алады..
ҚБ: «Мақтау,мадақтау сөздер» арқылы бағалау
|
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Атамұра» баспасы,2018ж.
63-76 беттер.
|
Сабақтың ортасы
(25 мин)
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі мазмұнына байланысты кейіпкерлер бейнесіне талдау жұмыстарын жүргіземіз.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «РАФТ» әдісі бойынша жүргізіледі.
Орындалу шарты:
Мұғалім рөл ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды.
«Аян»тобы:
«...Аян бұл күнде қайда екен?» Әңгімені өздерің қалай аяқтар едіңдер? Аянның ендігі өмірі қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? "Сәуегей ағашы" тәсілі бойынша постер қорғау.
Дескриптор:
Аянның болашағын болжайды, ағашқа болжауларын жазады.
«Садық» тобы:
Авторға хат жазу.
«Жетімдер тағдырына кім кінәлі?» тақырыбы бойынша жетім қайғысын сипаттау, қазіргі өмірдегі балалар тағдырымен байланыстыру
Р-оқырман
А-автор
Ф-хат
Т- жетім бала өмірі
Дескриптор:
-көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады
-хат мазмұнында жетім бала өмірі туралы жеткізеді
-хат құрылымын сақтайды.
«Әңгімеші бала» тобы:
Жусанның иісі туралы балалар арасындағы диалогты табу, рөлге бөліп орындау.
Дескриптор:
-әңгімеден диалогты табады, рөлге еніп орындайды.
ҚБ: «Мақтау,мадақтау сөздер» арқылы бағалау
|
«РАФТ» әдісі
Р-рөл
А-аудитория
Ф-форма
Т-тақырып
|
2-тапсырма.Жұптық жұмыс.
«Әдебиет лотосы» әдісі бойынша орындалады.
Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, кейіпкер әрекетіне баға беру.
Кейіпкер
|
Қандай қасиеттері ұнады не ұнамады ?
|
Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.
|
Аян
|
|
|
Автор бала
|
|
|
Садық
|
|
|
Есікбай
|
|
|
Дескриптор:
әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды;
кейіпкер әрекетіне баға береді.
ҚБ: «Досыма хат» әдісі бойынша оқушылар ақ парақтарға бүгінгі сабақтан алған ең негізгі түсінігін қысқаша жазып, парталас көршісіне жақсы тілек жазып хаттарымен алмасады
|
|
3-тапсырма. Жеке жұмыс.
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.
Ақ қалпақ.
Шығармадағы ақпараттарды анықта.
1. Шығармадағы кейіпкерлерді ата.
2. Аян кім?
3. Аяннның достарын атау
Қызыл қалпақ.
Әңгіме үзінділері Аянның қандай сезімдерін көрсетеді?
Үзінділер тарату.
Қызық еді Аянның мінезі. Бірде түн ортасында, дәл ұйықтар алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен. Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым – міне, қызық, шана теуіп жүрген Аян екен.
– Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім.
Сары қалпақ.
Қажетті сөздерді пайдаланып, шығарманың тәрбиелік мәнін аш. Өз көзқарасынды білдір.
Шыдамдылыққа төзімді бол, жақсыға ұмтыл, арманда, мақсат қой, биікке ұмтыл.
Қара қалпақ.
1.Әңгімеде кездесетін жағымсыз кезеңдерді табыңыз.
2. Өмірден мысал келе отырып дәделдеңіз.
Оқулықпен жұмыс. Мысалы: Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? т.б.
Жасыл қалпақ.
Жаңа идея ұсын.
1. Егер сен жазушы болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?
2. Неліктен?
Көк қалпақ.
Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?
1. Өмірдің мәні кімдер?
2. Кімнің қадірін білу керек?
3. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?
Критерий
|
Дескриптор
|
Әңгімедегі ақпараттарды анықтап, кейіпкер бейнесін ашады.
|
1. Кейіпкер бейнесін ашады.
2. Кейіпкер сезімін анықтайды.
3.Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады.
|
Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдау арқылы өзіндік тұжырым жасайды.
|
Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдай алады.
Қарама қайшылықты анықтайды.
Сыни пікір білдіреді.
Өзіндік ой түйеді.
|
ҚБ: Жұлдызша беру арқылы бағалау
|
|
|