О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат», Әңгімеден үзінді. Момын бала
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;
Сабақтың мақсаты:
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады.
Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.