“Дөңгелек” ұғымы алғаш рет ежелгі гректерде қалыптасқан. “Диаметр” грек тілінен аударғанда “көлденеңдік” дегенді білдіреді. Үнділер мен вавилондықтар дөңгелектің ең негізгі элементі радиус деп есептеді. Радиус латынның radius – доңғалақтың сым шабағы сөзінен алынған.
Қазақтың тұрмыс тіршілігінде де шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелер кеңінен орын алған. Олар: түрлі әшекейлік бұйымдар және киіз үй. Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, керегелері доға пішіндес болғандықтан, шеңбер жасайды.
Киіз үй – шеңбер мен дөңгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс.