Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Жұмыстың формалары 1



Дата07.02.2022
өлшемі4,14 Mb.
#82863
түріСабақ
Байланысты:
2 сынып қазақ тілі улгермеуші оқушымен жұмыс дәптері


«№43 Т Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2-түзету, тіл дамыту сыныбының

Білімдерінде жетіспеушілігін жетілдіруге арналған жеке және топтық сабағының


КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Жұмыстың формалары



1

Сөйлем және сөз

1




Жеке жұмыс

2

Буын және тасымал

1




Жеке жұмыс

3

Дыбыс және әріп

1




Жеке жұмыс

4

Дауысты, дауыссыз дыбыстар

1




Баяндау, ізденушілік

5

Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы

1




Дидактикалық ойын

6

Заттың атын білдіретін сөздер

1




Көрнекілік, сызба-тірек

7

Бас әріппен жазылатын сөздер

1




Кесте, тірек-сызба

8

Заттың қимылын білдіретін сөздер

1




Кесте, тірек-сызба

9

Заттың сынын білдіретін сөздер

1




Кесте, тірек-сызба

10

Заттың санын білдіретін сөздер

1




Көрнекілік, сұрақ-жауап

11

Тіл және сөйлеу

1




Көрнекілік ,сұрақ-жауап

12

Ауызша тіл және жазбаша тіл

1




Тірек-сызба, кесте

13

Мәтін түрлері

1




Тірек-сызба, кесте

14

У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы

1




Тірек-сызба, кесте

15

У дыбысының жуан және жіңішке айтылуы

1




Дидакт. ойын

16

И,й дыбыстарының жазылуы

1




Кесте

17

Я я әрпінің жазылуы

1




Тест тапсырмалары

18

Ю ю әрпінің жазылуы

1




Тірек-сызба,көрнекілік

19

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

1




Кесте, дид.ойын

20

Дауыссыз б мен п

1




Ізденушілік, кесте

21

Дауыссыз қ мен ғ

1




Иллюстративті, көрн.

22

Дауыссыз к мен г

1




Көрнекілік,кесте

23

Хабарлы сөйлем

1




Кесте, дид.ойын

24

Сұраулы сөйлем

1




Сюжетті-рөлді ойын

25

Лепті сөйлем

1




Иллюстр., кесте

26

Түбір және қосымша

1




Тірек-сызба, кесте

27

Жұрнақ пен жалғау

1




Көрнекілік, дид.о.

28

Сөз таптары

1




Көрнекілік, дид.о.

29

Тест тапсырмаларын орындау

1




Тірек-сызба,дид.о.

30

Тест тапсырмаларын орындау

1




Тірек-сызба, дид.о.

31

Тест тапсырмаларын орындау

1




Тірек-сызба, дид.о.

32

Тест тапсырмаларын орындау

1




Сюжетті-рөлдік ойын

33

Тест тапсырмаларын орындау

1




Иллюстр., дид.ойын

34

Өз бетіңше орында

1




Тест сұрақтары

Тақырып: Сөйлем және сөз



  1. Кестені толтыр




Сөз

Сөйлем



Алма

Алма жедім.

Көктем




Қар




Түлкі




Досым




Биші







  1. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр


І топ

ІІ топ

ІІІ топ

орман
оқиды
кітапхана
спорт

күз
ойнады
Отан
жапырақ

мектеп
бидай
әкелді
өсімдік



3. Сөздерден баспалдақ жаса

С







С










С













С
















С
















Тақырып: Буын және тасымал

  1. Ұ йқасын тап


Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи......... (күнделігім)

Мекендеген портфелімді,


Беттері аппақ, көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін………….. (дәптерімді)

Қатар бойынша тапсырма беру
1-қатар. Күнделігім
2-қатар. Дәптерімді (тасымалдау)


2. Буындардан сөз құра



Буындар

Құралған сөздер

Ба, пар,
ла, та,
тақ, тап, 
та, кі.














  1. Сызба арқылы сөз құра



Тақырып: Дыбыс және әріп

  1. Кестені толтыр

Метаграмма:
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың.
«Ш»-ны алып тастасаң,
Терезеге саласың.
(Шәйнек-әйнек)
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы қарашы. «Е»-ден бастап оқысаң,алқау бала бағасы.
(Кекілік-екілік)



  1. Дыбыс пен әріпті салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын табу






  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз

Қатаң дауыссыздар: …………………………..
Ұяң дауыссыздар: ……………………………..
Үнді дауыссыздар: ……………………………


Тақырып: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Есіңде сақта!



  1. Дауыссыз дыбыстар болмаса! тақырыбында эссе жаз

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Семантикалық карта


Тақырып: Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы



  1. Тірек сызбамен жұмыс



Жіңішке дауысты дыбыстарды ата


Жуан дауысты дыбыстарды ата



Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?


Семантикалық картаны толтырыңдар



Адам аттары 

Жуан айтылатын

Жіңішке атылатын

Жуан және жіңішке айтылатын

Арайлым

+



Дінмұхамед



+

Ерлан



+

Кенжебек


+


Алишер



+

Ботагөз



+

Төмендегі сөздерге қосылған буындардың дауысты дыбыстары неліктен жуан, неліктен жіңішке екенін бір - біріңе дәлелде.



Қарындаш + тар әже + лер + ім
Жылқы + лар сіңлі + лер + ім
Торғай + лар жолдас + тар + ым



Тақырып: Заттың атын білдіретін сөздер



  1. Суреттердің атын атап, оларға сұрақтар қойып, заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру




  1. З ат есімге сипаттама жазыңдар



  1. Кестені толтыр




Сөздерді оқыңдар

Сұрақ қойыңдар



Ата
Бала
Гүл
Көбелек
Сылақшы
Кітаптар
Дәрігер

Шарлар








Тақырып: Бас әріппен жазылатын сөздер



  1. Сөйлемдегі бас әріппен жазылған сөздердің астын сыз


Мен анаммен бірге Астанаға бардым.
Әжем маған «Алпамыс» ертегісін айтып берді.

  1. Төмендегі кестені толтырыңдар


Адамның аты

Қала атауы

Өзен атауы

Жануарлардың атауы







































  1. Ойын:

«Кім тапқыр?»
Қанат, Марат екеуі,
Қамшы өре алады
Талғат, Талап екеуі
Тамаша ән салады
Самат, Сағат екеуі
Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі,
Біледі көп ертегі.
Балаларды өнерлі
Есептеп көр, сен енді? ! (8)
(Балалардың атын атап бер)

Тақырып: Заттың қимылын білдіретін сөздер



  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар

"Не?" "Кім?"
... құлындайды ...емдейді
...қоздайды ...оқытады
...боталайды ...тігеді
...бұзаулайды ...жазады

Осы жерден қандай ереже шығаруға болады?


2. Сәйкестендіру жұмысы

Арыстан

боздайды

Түйе

ақырады

Аю

мөңірейді

Жылқы

маңырайды

Қой

кісінейді

Сиыр

бақырады


Топтастыру


Тақырып: Заттың сынын білдіретін сөздер



  1. Суреттерге қарап, сұрақ қойыңдар, сөйлем құраңдар




Қандай?

?

?

?











  1. Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтырып жаз

1. Әдепті бала - арлы бала, (қандай?)... бала - сорлы бала.
2. Үлкен кісі бастар, (қандай?)... кісі қостар.
3. Жақсы бала - қуаныш, (қандай?)... бала - күйініш.
4. Ұсталы ел озар, (қандай?) ... ел тозар.
Тақырып: Заттың санын білдіретін сөздер





  1. Аптаның нешінші күнін білдіретін сөзді тап

Дүйсенбі-аптаның бірінші күні.


Сейсенбі-… … … .
Сәрсенбі-… … … .
Бейсенбі-… … … .
Жұма-… … … .
Сенбі-… … … .

2. Сұрақтарға жауап жаз



  • Сенің жасың нешеде ?-------------------------------------

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?------------------------------

Сандарды сөзбен жазыңдар





Тақырып: Тіл және сөйлеу



  1. Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта


1) Жексенбіден кейін _______________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2) Алманың ішінде әруақытта ________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3) Тау өзенінің ағысы _______________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4) Бүгіннен кейін __________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5) Әкеден кейін ___________________________
( немере, бала, шөбере)
6) Сағат тілі ______________________________


  1. Кестені толтыру



Досыңның атын жаз

Ата-анаңа қандай тілек айтқың келеді?

Сөйлесу не үшін қажет?













  • Пікірталас Егер тіл болмаса қайтер едік?



Тақырып: Ауызша тіл және жазбаша тіл

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар













  1. Топқа тапсырма

1-топ Бақаның суретін салу
2-топ Бақа туралы әңгіме жазу
Бақа бақа балпақ
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ.
Бақа бақа балпақ
Көзің неге тостақ?
Көрінгенге көп қарап
Көзім содан тостақ.
Бақа бақа балпақ
бұтың неге талтақ?
Көп отырдым ерініп
Бұтым содан талтақ. 


Тақырып: Мәтін түрлері



  1. Есте сақта!




Мәтін.
Жазбаша және ауызша ойды жеткізу.

  1. Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

  2. Мәтіндегі сөздер бір- бірімен мағынасы жағынан байланысып тұрады.

3. Мәтіннің тақырыбы болады.
Мәтін негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе; қорытынды; негізгі. Мәтін азат жолдан, бас әріптен басталып жазылады.



2. Топтастыру











  1. Мәтінді оқып, түрлерін анықтау



1-топ
Балықтың неше түрі бар. Балалар көл жағасында ойнап жүр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады.
2-топ
Өркеннің сүп-сүйкімді қо- зысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра. Бойы кішкентай.
3-топ
Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады.


Тақырып: У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы


1.Семантикалық картаны толтыр


Сөздер

Дауысты

Дауыссыз

Уыстау







Қауын







Ауыз







2.Берілген дыбыстарды пайдаланып,сөз құра

Сөздік диктант

Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.


Тақырып: У дыбысының жуан және жіңішке айтылуы



  1. У әрпімен аяқталатын сөздерді теріп жаз

Керек сорпа жасау,


Балық аулап асау.
Жыртығы жоқ сау
Болмай тұр бірақ ау.



  1. Өлеңді жатқа жаз. У дыбысы дауысты болған сөздің астын бір рет, дауыссыз болған сөздің астын екі рет сыз

Әкесі ауылға
Базардан кешегі
Тәп-тәтті алуа
Әкепті деседі.

  1. Сөздерге у әрпін қосып жаз, жуан болып тұрған сөздің астын бір рет, жіңішке болып тұрған сөздің астын екі рет сыз

Оқы, телі, қоры, бекі, жоры. Жу, бу, жау, қу, сау, ау.





  1. У дыбысы дауысты болатын бес сөз жаз. Ережені жатқа жаз

Тақырып: И,й дыбыстарының жазылуы


1 . Өлеңді көшіріп жаз. И, й әрпі бар сөздердің астын сыз

Өңкей имек «екілік»


Сөмкесіне бекініп,
Түні бойы тышқан боп,
Билейді екен секіріп.
2. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып жаз
Қа...шы, ...не, к...ім, о...мақ, с...ыр, ұ..қы, қа...ың, өс...ет.
3. И, й әріптері бар жуан сөздерді бір бөлек, жіңішке сөздерді бір бөлек жаз
Мақалдар

Сөз жүйесін табар, мал иесін табар.


Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Оқу инемен құдық қазғандай.
4. И дыбысы жуан айтылып тұрған сөздерді бір қатарға, и дыбысы жіңішке айтылып тұрған сөздерді екінші қатарға іріктеп жаз
Дария, мәдениет, икемді, минут, насихат, тәрбие, жиек, илану, именшек, ишарат, сиқыршы, тиек.


5. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып жаз. Басшылыққа алған ережені ойлап жатқа жаз
К...ім, т...ын, сы...лық, қ...ын, ты...ым, ...од, ж...ын.


Тақырып: Я я әрпінің жазылуы

  1. Я әрпі бар сөздерді теріп жаз

Анам жаяны табаққа салды. Қария таяққа сүйеніп тұр. Ағам судан шаянды ұстап алды. Автобус аялдамаға келіп тоқтады.

  1. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз

Қою, юбка, ою, тою.

  1. Көп нүктенің орнына я, ю әріптерінің тиістісін қойып жаз

Қи...р, та...қ, а..., ша...н, о...лы, компь...тер, қо...н, а...қ.

  1. Суреттердегі жануарлар туралы сөйлемдер құрастыр






Тақырып: Ю ю әрпінің жазылуы


  1. Ребусты шеш





  1. Ойна да, ойла!




Тақырып: Дауыссыз дыбыстардың түрлері

  1. Топтастыру






  1. Салыстыру



Топқа тапсырма
І топ
1. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
2. Сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы.Оның шығармалары – сол заманның шежіресі.
ІІ топ
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 

Тақырып: Дауыссыз б мен п

  1. Ж ұмбақты шешу


Бармақта бар,
Саусақта жоқ.
Бақайда бар,
Тұяқта жоқ. (Б)
Арпада бар
Бидайда жоқ.
Аптада бар,
Айда жоқ. (п)

  1. Кестені толтыр




«б» дыбысын қатыстырып, сөйлем құра

«п» дыбысын қатыстырып, сөйлем құра








  1. Т оптастыру. Сөз құрастыру. Мысалы: Балық.









Тақырып: Дауыссыз қ мен ғ



  1. Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз


Топыра..., шыра..., жола..., жоры...,
қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.
Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

  1. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр

Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.

Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.

  1. Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, бос орынды толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?
    - - - - қ
    - - - - қ
    - - - - қ
    - - - - қ
    - - - - қ
    Мысалға (қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық)



Тақырып: Дауыссыз к мен г

  1. Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру

Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар.
К – дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?
Г – дыбысы ше?
К, Г - қандай дыбыстар?


  1. Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу
    Бас бармақ, Шылдыр шүмек, 
    Балан үйрек, Кішкене бөбек
    Ортан терек,.

3. Топтастыру



Балқарағай
сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау



Тақырып: Хабарлы сөйлем



  1. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру


А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай, керемет, даусы.



  1. Хабарлы сөйлем құрастырыңдар



Тест жүргізу
1) Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2. ә) 1. б) 3.
2) Дұрыс сөйлемді тап.
А) Оқиды Асхат сыныпта екінші. ә) Асхат екінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат.
3) Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?
А) Нүкте Ә) Сұрақ белгісі. Б) Леп белгісі.
4) Сөйлем деген не?
А) Тиянақты ойды білдіреді. Ә) Заттың қимылын білдіреді. Б) Заттың түсін білдіреді.

Тақырып: Сұраулы сөйлем



  1. Венн диаграмасы






  1. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз



Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келді. Айтқанды түсіндім. Қараңғыға қалма. Күн суытты. Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды.

  1. Суретке қарап сұрақтар құрастыр



Тақырып: Лепті сөйлем



  1. Есіңе сақта!




  1. Жұмбақты шешу

Ойды аяқтап қорытады,


Соңында доп тұрады.
(Сөйлем)

Сөзді құрап, доп тіземін,


Қоя салсаң, бір тары.
Жаңалықты жеткіземін.
(Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,


Жауап сөз қалап тұрады.
(Сұраулы сөйлем)

Ұранда, шаттықты,


Өкініш аптықты.
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қалаймын.
(Лепті сөйлем)


Тақырып: Түбір және қосымша



  1. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс



1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігін айтады.)
2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
(Сөзді тудыратын және сөзді байланыстыратын сөз құрамын айтады.)
3. Жұрнақ қалай жасалады? Мысал келтір.
(Түбір сөзден кейін келіп, жаңа сөз жасайды.)
4. Жалғау қалай жасалады? Мысал келтір.
(Түбір сөзге де, жұрнақтан кейін де жалғанады, ол сөзді байланыстырады.)
5. Туынды сөз дегеніміз не?
(Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтады.)
6. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
(Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер дейді.)
2.“Доп лақтыру” ойыны арқылы
1 – қатар
“Ай” сөзінен басталатын қыз балалар есімдерін ата.

2 – қатар
“Ер” сөзінен басталатын ұл балалар есімдерін ата.
Тақырып: Жұрнақ пен жалғау

    1. «Сөз ойла» ойынын ойнайық!

1. Би, қобыз, көп, сауық. -------- – шы, - ші, - шыл, - шіл
2. Іс, орын, талап, көл. ---------- – дық, - кер, - шік
3. Қыс, арба, түн, жаз. ----------- – гі, - лы,- қы, - ғы
Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып үш қатарға үш сөйлем құрап жаздыру.
1. Биші, қобызшы қыздар бізде қонақта.
2. Мақсат орындық сатып әкелді.
3. Қысқы демалыста әжемнің аулына бардым.
2.Кестені дәптерге жазып, орындаңдар



Сөздер

Жалғау

Жұрнақ

Қалада







Лашық







Дорбамен







Көлшік







Адаммен







Шаштараз










    1. Екі жақты күнделік




Негізгі ереже

Менің ойым

Жұрнақ– жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша.






Тақырып: Сөз таптары

  1. Топтастыру






Тест жұмысын орындату


1)  Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) неше? нешінші?
Б) кім? не?кімдер? нелер?
В)не істеді? не қылды ?қайтті?
2) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А) неше? нешінші?
Б) кім? не?кімдер? нелер?
В)не істеді? не қылды ?қайтті?
3) Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
А)не істеді? не қылды ?қайтті?
Б) қандай? қай?  
В) кім?не?
4) Етістік қандай сұраққа жауап береді?
А)не істеді? не қылды ?қайтті?
Б) қандай? қай?
В) кім?не?
Тақырып: Тест тапсырмаларын орындау


Тіл және сөйлеу
1-нұсқа
1. Сөйлеу не үшін қажет?
а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту
2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
а) тіл ә) ауыз б) көз
3. Тіл арқылы не үйренуге болады?
а) білім алады, ғылымды үйренеді
ә) ойнайды, жүгіреді, көреді
4. Қай сөйлем дұрыс байланысып, жазылған?
а) Қыс қызығы басталды.
ә) Ұнады сабақ бәрімізге.
б) Кірді мектепке оқушылар.
5. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
а) құл-ын-шақ ә) құ-лын-шақ б) құ-лы-нш-ақ
6.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
а) ба-уырсақ ә) бау-ырсақ б) бауы-расақ
7. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
а) кітаб ә) кітап б) кітәп
8. Бір буынды сөзді тап
а) жер ә) кітап б) күнделік
9. Екі буынды сөзді тап
а) тал ә) Отан б) жауқазын
10. Үш буынды сөзді тап
а) қала ә) балалық б) ақын
2-нұсқа
1. Мәтінде неше сөйлем бар?
Көктем келді. Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Жер беті көгерді.
а) 5 ә) 9 б) 4
2. «Аққала» сөзінде неше дыбыс бар?
а) 3 ә) 5 б) 6
3. Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.
а) жұлдүз ә) жұлдыз б) жұлдұз
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 36 әріп ә) 40 әріп б) 42 әріп
5. Сөйлем неден құралады?
а) Сөзден ә) әріптен б) дыбыстан
6. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а) о – қу — шы ә) оқ – у – шы б) оқу — шы
7. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
а) бөлек ә) бірге б) жұптасып
8. Жуан айтылатын сөзді тап
а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер
9. Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар
10. Тиісті сөзді тауып белгіле
Біздің туымыздың түсі …
а) қызыл ә) ақ б) көгілдір
Дыбыс және әріпті қайталауға арналған тест сұрақтары
1 нұсқа
1. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.
а) тау ә) сусын б) әуен
2. Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап.
а) қауын ә) сурет б) елу
3. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
а) мал ә) бұлақ б) кітап
4. Ұяң дыбыстан басталған сөді тап.
а) ғарыш ә) ұршық б) парақ
5. Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.
а) бұзау ә) қозы б) лақ
6. Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) сайа ә) сая б) саий
7. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?
а) Ұ ә) У б) Ү
8.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:
а) а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і. ә) а-я,у-ұ,о-е,и-ы б) ю-у,о-ө,с-з.
9. И қандай дыбыс?
А) дауысты ә) дауыссыз б) ашық
2 нұсқа
1. Дауысты дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) қалта В) етік С) шөп
2. Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) аспан В) әке С) бала
3. У дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.
А) улану В) уық С) уәде
4. У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.
А) сурет В) дәулет С) қурай
5. Қате жазылған сөзді тап.
А) сайман В) кйік С) ойын
6. Дұрыс нұсқаны белгіле
А) силық В) сиылық С) сыйлық
7. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қоян В) қойан С) қойян
8. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қойу В) қоу С) қою
9. Қатаң дауыссыздар қатарын белгіле
А) б, в, г, ж В) п, с, т, ц С) н, ң, р, л
10. Бірыңғай ұяң дыбыстардан тұратын қатарды белгіле
А) ч, ж, з, м
В) л, м, д, ф
С) ж, з, ғ, в
Мәтін
1. Мына ережеге сәйкес сөзді тап: … мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады, Оған ат қоюға болады.
а) сөйлем ә) мәтін б) сөз
2. Мәтіннің қандай түрлері болады?
а) әңгімелеу, сипаттау, хабарлау
ә) пайымдау, сипаттау, лепті
б) әңгімелеу,сипаттау,пайымдау
3. Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?
Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысынқы, шашы бұйра. Мінезі салмақты, қағылез, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.
а) әңгімелеу ә) сипаттау б) пайымдау
4. Мына сөздер қай мәтіннің тірек сөздері болып табылады?
Қыс, қар, аяз, мұзайдын, шана, шаңғы, коньки, балалар, аққала, төбе, шырша.
а) Ақ баран ә) Қысқы ойындар б) Қыс
5. Сөйлемнің ережесін тап.
а) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
ә) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.
б) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.
6. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз?
а) оқып тексереміз ә) сұрақ қойып тексереміз б) жазып тексереміз
7. Мәтін дегеніміз не?
а) Ұзақ бір сөйлем
ә) Мағына жағынан байланысқан екі не оданда көп сөйлем
б) Байланыспаған бір неше сөйлем.
8. Мәтінді көрсет:
а). Отан ә). Отан оттан да ыстық б). Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол –оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады.
9. Мәтін дегеніміз не?
а) Сөйлем ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
б) адамдардың хабарды жазып беруі.
10. Мәтіннің құрылымын көрсет
а) Басы ә) басы, негізгі бөлім, соңы б) соңы
Сөйлемді қайталауға арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді .  а) 2  ә)3 б) 4
2. Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.
а) сұраулы ә) хабарлы б) лепті 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? а) білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем
ә) адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
б) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?
а) лепті ә) лепті б) сұраулы
5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап. 
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым – соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
а) нүкте ә) сұрау б) леп 6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
а) көтерді ә) неге б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді тап
а) барма ә) сүртпе б) бар ма
8. Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
а)бірқалыпты ә) бәсең дауыспен
б) көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?  а) сұраулы
ә) лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескедіру, ұран)
б) біреу, бір нәрсе туралы хабарлау
10. Қантқа сипаттама бер : а) үлкен,ауыр ә) тәтті,ерігіш б) ақ,жеңіл
2-нұсқа
1. Мәндес сөздер қатарын белгіле:
А) қала, ауыл; В) ақ, қара; С) көрікті, сұлу.
2. Бірінің орнына бірі қолданыла беретін сөздер –
А) мәндес сөздер В) әртүрлі мағыналы сөздер
С) қарама-қарсы мағыналы сөздер
3. Мағыналары қарама-қарсы сөздер қатарын белгіле.
А) ат, жылқы
В) арзан, қымбат
С) жол, жолаушы
4.«Терең» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап:
А) тұнық В) шұңқыр С) таяз
5. Қой – үй жануары. Кітапты орнына қой.
Сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер – …..
А) дыбысталуы бірдей, мағыналы әртүрлі сөздер;
В) мәндес сөздер; С) қарама-қарсы мағыналы сөздер.
6. «Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет: а) үлкен
ә) жұқа б) жылы
7. Мақал-мәтелді толықтыр : Жақсы бала-қуаныш, … бала – өкініш.
а) жаман ә) кішкентай б) үлкен
8. «Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет
а) сұлу ә) жазық б) айлакер
9. Төмендегі сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз
Қатты-
Ауыр-
Кең-
10. Ақсақал, қария ( бұл сөздер қалай аталады?)
А) Мәндес сөздер
Ә) Қарама – қарсы мағыналы сөздер
Б) Әртүрлі мағыналы сөздер
Сөз құрамын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1 нұсқа
1. Түбір сөзді тап.
а) жаңалық Ә)күй б) құрылысшы
2. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
а) қосымша Ә) түбір Б) жалғау
3. Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4 ә) 2 б) 3
4. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
а) көлдер ә) батырлық б) досым 5. Жалғау жалғанған сөзді тап.
а)зейнеткер Ә) қобызшы б) гүлді
6. Түбірге жалғау мен жұрақтан бұрын қайсысы жалғанады?
а) жұрнақ Ә)жалғау б) қосымша
7. Жұрнақ деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын  қосымша
ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
1.жылы, құс, ұш, жақ.
Жалғау…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
10.Жұрнағы бар сөздерді белгіле.
а) биші ә) балалар в) іскер
2- нұсқа
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі – ….. .
А) түбір В) жалғау С) жұрнақ
2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша – ….. .
А) жалғау В) буын С) жұрнақ
3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле.
А) оқулық, оқушы; В) кітап, оқулық; С) оқушы, шәкірт.
4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымшаның атауын белгіле.
А) жалғау В) жұрнақ С) қосымша
5.Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет.
А) түбір + жалғау + жұрнақ;
В) түбір + жұрнақ + жалғау;
6.Түбір сөзді белгіле.
А) орын В) бастық С) атақты
7.Жұрнақ…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
Айгүл, бар, дүкен.
Мақалды аяқта
Оқу -білім …….., білім – өмір….. .
А. Бұлағы,шырағы Ә. Асылы,өткелі Б. Қайығы,бұлағы
Түбір дегеніміз не?
А.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
Ә. Сөзге қосылатын жалғауды
Б. Жұрнақсыз сөзді
Сөз таптарын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а) қашан? қайда? ә) кім? не? б) неше? қанша?
2. Зат есімнің көпше түрін тап.
а)өсімдік ә) кітап
б) ағаштар
3. Жалқы есімді тап.
а) құс ә) Абай б) орман
4. Жалпы есімді тап.
а)Тараз ә) Іле б) қайың
5. Етістік нені білдіреді?
а) заттың қимылын, іс-әрекетін
ә) заттың санын, сынын
б) заттың мөлшерін, көлемін
6. Етістіктің сұрақтарын тап.
а) қалай? Қашан?
ә) не істеді? Қайтті?
б) кімдер? нелер?
7. Күрделі етістікті тап.
а) жазды ә) көрді б) оқып отыр
8. Дара етістікті көрсет.
а) сүзіп жатыр ә) оқып жүр б) ойнады.
9. Сын есім нені білдіреді?
а) Заттың түрін, түсін, сапасын
ә)заттың қимылын, іс-әрекетін
б) қимылдың қашан қайда болғанын
10. Сын есім қай сөз табымен байланысады?
а)етістікпен ә) сан есіммен
б) зат есіммен
2-нұсқа
1. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.
а) жіңішке ә) жұқа б) жуан
2. Сын есімнің сұрағын көрсет.
а) неліктен? Қалай? ә) қандай? Қай? б) қайтті, неғылды?
3. Қайсысы сын есім?
а) дала, құм ә) ертең, биыл б) жүйрік әдемі
4. Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) жетінші ә)тоғыз б) жиырма
5.Сан есім қай сөз табымен байланысады?
а)етістікпен ә) зат есіммен б) сын есіммен
6. Сан есімнің сұрағын тап. 
а) кім? не? кімдер? нелер?
ә) неше? қанша? нешінші? б) қалай? қанша?
7. Сан есімді тап. 
а) елік, емен ә) елу, жетеу б) бүгін, ертең
8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы
а) етістік ә) сан есім б) сын есім
9.Етістіктің сұрақтары:
а) кім? не? ә) қандай? Б) не істеді? не қылды?
10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет а) оқыды ә) гүл б) жасыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет