Байланысты: Саба ты та ырыбы са аты мерзі мі Саба т рі
Сынып оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылар өздерінде туындап отырған мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.
Олай болса өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:
· Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;
· Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
· Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
· Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін басқаруға дайын бола білуі ;
Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:
4. «өзіміз шараны ұйымдастырамыз»;
5. «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;
6. «өзіміз қорытынды жасаймыз»; қағидаларын жатқызуға болады.
А.С. Макаренконың көзқарасынша өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.
Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады.
1.Сынып жағдайында өзін -өзі басқару:оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.
1. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.
Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.
3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комиссиялардың бағытына байланысты шамамен -7 оқушы), кеңесші мұғалімдер – 5, ата-аналар-2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.
Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді лидерлерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араласуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесіне қатысуына жағдай туғызу қажет.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады.
1.Әрекетің мақсатын анықтау.
2.Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау).
3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).
4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау).
5. Шешімді қакбылдау (жобаны бағалау).
6. Шешімді жүзеге асыру(әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).
7. Ұжым болып нәтижесін қортындылау(өздерінің мүмкіншілігін бағалау).