10-Тақырып 3.2. ШЖБМтегі сынып жетекшісінің қызметі,міндеті.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:
· Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;
· Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
· Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
· Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру
Оқушылар ұжымын қалыптастыру;
1. Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
2. Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
3. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:
• отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
• мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ;
• бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
• мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |