Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Салауатты өмір салты » атты сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз серуенге шығамыз. Ал қазір көз алдымызға таза әрі жайлы аулыны елестетеміз. Әдемі етіп салынған үй бізді бір үлкен үйге алап барады. Біз баяу жүріп отырған үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдегі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз . Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз. Міне, үйге де келіп қалдық, бапалдақпен жоғары көтеріліп, үйдің есігін ашыңыз. Үйдің ішінен жаңа піскен нанның, хош иісті шайдың иісі келіп тұр. Біз мейірімге, сүйіспеншілік пен татулыққа толы үйдеміз. Осы тыныштық, қағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Құрметті ата-аналар және оқушылар! Сіздерге бұл үй ұнады ма?
Ұнаса, онда осы үйдің ішінде сабағымызды жалғастырамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың -бетіндегі 11-сабақта берілген В.Ягодинскийдің әңгімесін оқып келу берілген.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Зиянды заттардың нәтижелері қандай?
Зиянды заттардың әсерінен қандай ауруларға шалдығады?
Адамдар өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызады? Неліктен?
Не себепті адамдар темекі шегеді деп ойлайсыңдар?
Зиянды заттарды пайдаланбайтын адамдардың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
Әңгімелеу
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»
Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Мақсатымыз –салауатты өмір сүру, жаман әдеттен жиреніп, жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Бейнебаян: Ұ.Есдәулетовтың «Қара пима» шығармасынан үзіндіні тамашалау.
1.Поэмадан қандай ой түйдіңдер?
2.Бейне-баянды көргенде қандай сезімде болдыңыздар?
3.Адамдардың зиянды әрекеттерге баруына қандай себептер бар деп ойлайсыз?
Мұғалім әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Оқып үйренік айдарымен берілген шығарманы тамашалау, сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларға және ата-аналарға «Құмтерапия» әдісінің көмегімен тақырып аясында өз пікірлерін баяндауға жағдай жасау.
1-топ Ата-аналар
2-топ Оқушылар
Ата-аналарды сергіту мақсатында «Ойлан! Ізде! Тап!» тренингін ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс:
1 - тапсырма
Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу сабептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
Жас топтары
Шылым шегу себептері
Басқа оқушыларға студенттерге еліктеу
Жаңалық, қызық деп сезіну
Ересек, дербес болу тілегі
Себебін білмейді
Мектеп оқушылары
Студенттер
Оқушылар және ата-аналар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Топпен ән айту
Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:
Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
Үй тапсырмасы.
«Дені саудың –жаны сау» тақырыбына эссе жазып келу.
Күнделіктеріне жазады.
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Барлығыңызға рахмет! Сау болыңыздар!