Пәні: Өзін -өзі тану
|
Күні:
|
Сыныбы: 9
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Салауаттылық-өмір негізі»
|
Сілтеме
|
Оқулық 9-сынып,Өзін-өзі тану 2010ж. Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар, мұғалімге арналған әдістемелік құрал
|
Мақсаты
|
Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту;оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту; жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.
|
Күтілетін
нәтижелер
|
Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейтеді; салауаттылық туралы ұғымдарын дамытады; жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге дағдыланады
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгерту
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, әдебиет
|
Қолданылатын әдістер
|
айналмалы парақ, оң қол, сол қол , кіру парағы
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, интербелсенді тақта, топқа бөлу қағаздары, ватман, стикер, маркер , таратпа суреттер, кері байланыс қағаздары.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
1-кезең.
-ұйымдастыру;
Қызығушылықты ояту
2-кезең
Үй тапсырмасын тексеру.
|
1 мин
3 мин
6 мин
|
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын 1-4 әндер арқылы арқылы топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу
Әр топ өздерінің әндерін айтады.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру.
«Кіру парағы»
|
Амандасады
оқушылар 1-4 санау әндер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар әнге қосылып, жақсы көңіл-күймен сабаққа әзірленеді.
Оқушылар кіру парағына үй тапсырмасын жазып шығады
|
3. - белсенді әрекетке жұмылдырылады
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Сергіту сәті есебінде де жүргізіледі
|
3 мин
|
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында салауаттылыққа байланысты бейне көрсетілім көрсетемін
|
Оқушылардың назарын бейне көрсетілімге аударту
|
4-кезең.
Мағынаны тану:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
|
мин
|
-бейне жазбаны көре отырып, қандай ой келді?
-Демек балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Слайд1
|
Оқушылар өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді, бүгінгі тақырыпты ашады, қол жетімді мақсат қойып, слайдқа назар аударады.
«Салауаттылық-өмір негізі» -, деп ойларын айтып, дәлелдейді.
|
мин
|
1. Мәтінмен жұмыс
Ойлан, достым...
|
Топта оқушылар аңызды жекелей оқиды, топ ішінде аңыз не жайында екені туралы талқыланады, дарынды оқушы түсінгенін айтып береді, сұрақтарға жауап
|
мин
|
2. «Өмір-театр» сахналық көрініс дайындайдыү
3. Достарыңа салауатты өмір салтын насихат жүргізу үшін қандай іс-шаралар жүргізер едің?
(Жарнама)
4. Ой толғау жазу тапсырылады.
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындауға кіріседі.
Топтар белгі таяқшасын көтеру арқылы болғандарын білдіреді
|
5- кезең
Ой- толғаныс:
- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
- синтез, бір-бірімен ой бөліседі;
|
мин
|
3. «Айналмалы парақ» бұнда оқушылар бір суретті таңдап алып, сұрақ қояды әр топ сол сұрақтарға әзіл-қалжың аралас жауаптарын жазады
1-топ дәрумендердің суреті
2- топ спортшылардың
3- топ мамандық иелері
4- топ спорттық ойындар
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Қай топтың жауабы ұнағандарын қол шапалақтау арқылы білдіреді.
|
|
|
4. топтарға жағдаяттар беріледі.
Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.Қонақтың рөлін 1 ғана оқушы орындайды,қалғандары темекі туралы оған түсіндіреді т.с.с.
|
Әр топ өздеріне берілген жағдаяттарды оқып, кейбірі сахналап көрсетуі де мүмкін
|
Сабақ қорытындысы
|
2 мин
|
«Оң қол, сол қол»
Зиянды заттарды пайдалану, адам өмірін 20 жылға кемітеді.
Темекі тартып отырған адам жанындағы адамға қарағанда көбірек уланады.
3. Мүгедек, науқас балардың туылуының жылдан-жылға көп болуының себебі - Алланың ісі.
4. Спортпен шұғылдану адам денсаулығына зиян.
5. Темекі шегу -өкпе ауруына шылдықтырады.
|
Оқушылар дұрыс жауапқа оң қолдарын, бұрыс жауапқа сол қолдарын көтеріді
|
6- кезең.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
|
1 мин
|
Үйге тапсырма беру
|
Салауаттылық туралы ұлағатты адамдардың нақыл сөздерін жинақтап жазу, түсіну.
|
7-кезең.
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалімнің бағалауы
Белсенділік танытқан топтарды бағалау
|
|
8-кезең.
Рефлексия
|
2 мин
|
Кері байланыс:
|
Бүгінгі сабақтан не туралы болды?
Бұл сабақ саған ұнады ма?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?
|