Есептейік,талдайық, Ешбіріміз қалмайық Артық,кемін анықтап, Жауабын тез табайық
3.Есепті санды деректермен толықтыр және шығар. Айнұр бірінші күні 5 сурет,екінші күні бірінші күннен 6 суретартық салды. Айнұр екінші күні неше сурет салды? Бірінші күні -5 сурет Екінші күні ? 6 сурет артық салды. Шешуі:5+6=11 Жауабы:Айнұр екінші күні 11 сурет салды
VII. Сергіту сәті Аяқпенен топ-топ Ал қолыменен хлоп-хлоп Бір оңға бір солға Айналайық кел мұнда Қолымызды бір сілтеп Басымызды шайқайық Бір оңға,бір солға Ойнайықшы кел мұнда Секіреміз жоғары Қиын емес секіру Бір оң,бір солға 2рет Секірейік кел мұнда
4-есеп. Есептің қысқыша жазылуы мен сызбасын қара.Есепті шығар: Дүкенге бірінші күні 6 бума,екінші күні 9 бума,ал үшінші күні бірінші және екінші күндері қанша болса,сонша бума қағаз әкелінді. Дүкенге үшінші күн неше бума қағаз әкелінді?
1-күні-6 б ]3-күні-?б 2-күні-9 б Шешуі:6+9=15 Жауабы:Үшінші күні 15 бума қағаз әкелінді. Сиқырлы шаршы
2 7 6 7 0 5 9 5 1 2 4 6 4 3 8 3 8 1
VIII.Бекіту. Көңілді санамақ. Баласына ж2кіріп (жекіріп) Ұрысып жатыр к2лік (кекілік) Алып қапсың 2 лік (екілік) 2ншілей 2ңді (екіншілей екіңді) Көрсетпе деп ж2кіріп (жекіріп)
Ал енді мана сабақтың басында қасиеті сандар деп бекер атқан жоқпыз сол қасиетті сандар туралы кім не біледі?
ІX. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ қызық болды ма ?
Сабақ несімен саған ұнады?
Бағалау X.Үйге тапсырма Күнделіктеріңді ашып үй тапсырмасын жазып алыңдар 43-бет. Мысал 5
«Жорға» Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек 1 - топ: Дарын тобы 1. Аюда 9 килограмм бал болды. Бірнеше килограмм бал жегеннен кейін аюда 4 килограмм бал қалды. Аю неше килограмм бал жеді? (5 кг)
2. Арайдың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді. Неше ашылмаған сыйлық қалды? (4 сыйлық)
3. Жанар 2 кг, ал Майра 3 кг артық құлпынай жинады. Майра неше кг құлпынай жинады? (5 кг құлпынай)
2 - топ: Жалын тобы
1. Бауыржан 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады. Бауыржанда неше сурет қалды? (3 сурет)
2. Дүкенге 7 кг жеміс әкелінді. Оның 3 кг алма, қалғаны алмұрт. Дүкенге неше килограмм алмұрт әкелінді? (4 кг алмұрт)
3. Тігінші 5 қызыл көйлек және одан 3-ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша көк көйлек тікті? (8 көк көйлек)
3 - топ: Сұңқар тобы
1. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығарды. Баян неше есеп шығарды? (5 есеп )
2. Дәрігер бірінші күні 7 бала, ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады? (10 бала)
3. Пошташыда 8 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты? (5 журнал)