Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік ақпаратты кодтаудың ұстанымдарын көрсету



Дата10.06.2017
өлшемі476,97 Kb.
#18795
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты кодтау



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік ақпаратты кодтаудың ұстанымдарын көрсету

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV.Жаңа материалды түсіндіру

Оқулық пен тұсаукесер материалдары арқылы



V . Жаңа материалды бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау



VI. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

Компьютердегі барлық ақпарат екілік кодпен беріледі, оның алфавиті екі цифрдан тұрады (0 және 1). Сондықтан да ақпараттың әр түрінің алфавиті компьютерге түсінікті болатын екілік кодқа ауысуы керек.




Ақпаратты кодтау - дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру үдерісі.

Кодтауға қарама-қарсы үдеріс декодтау деп аталады.




Код – нақты әр хабарламаға қатаң түрде белгілі бір белгілер үйлесімін сәйкестендіру ережесі.

Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.

Біз есептеудің ондық жүйесін қолданып жүрміз. Бұл есептеу жүйесінің алфавиті 10 таңбадан тұрады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Сандық ақпаратты беру үшін 0,1 деген екі белгіден тұратын алфавиті бар екілік есептеу жүйесі қолданылады.

Әртүрлі есептеу жүйелерінің сандар сәйкестігін 1- кестеден байқауға болады Есептеу жүйесінің біреуінен екіншісіне өтуге арналған арнайы ережелер бар, олармен сендер келесі оқу жылында таныс боласыңдар.

1-кесте. Сандар екілік және ондық есетпеу жүйелерінде



Ондық

Екілік

0

0

1

1

2

10

3

11

4

100

5

101

6

110

7

111

8

1000

9

1001

10

1010

11

1011

12

1100

13

1101

14

1110

15

1111

16

10000

1-тапсырма Ресуста жасырылған сөздерді табыңдар.



2-тапсырма



2-тапсырма

Сәйкестендір

Дабылдың бір түрден екінші түрге айналу үдерісі Код

Кодтауға кері үдеріс Кодтау

Әрбір нақты хабарламағ қатаң белгіленген Декодтау

Таңбалар үйлесімін салысттыру

VІІ.Қорытындылау

Компьютерге арналған тәжірибелік жұмысты бағалау



VІІІ. Үй тапсырмасы

§3 оқу, сұрақтарға жауап беру.




САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

19 қыркүйек 2016 ж ________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпараттарды кодтау және кері кодтау.

Сабақтың мақсаты:



  • Білім беру ақпараттық ресурстарына, білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік беру.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер.

Сабақтың әдістері: сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Сабақтың барысы


  1. ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320;тігінен-200 нүкте)болады.

Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.

Мысалы,егер еомпьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).

Компьютерлік кескіндер.

Векторлық

Растрлық

Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге,әдемілей түсуне,яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады;нүктелерді,қажет болмаған жағдайда ішінра алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.

Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу)өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны.Мысылы,кескінді үлкейткенде,оның көрінісі дөрекіленіп кетсе,ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді(нүктелерді жоғалтқандықтан)

Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын,соғұрлым үлкен болады.)

Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.

Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.

Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.

Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.

Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу.Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика.Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады.Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма,рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады.Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.

Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын,статистикалық мәліметтерді-міне,осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма ) жасалады.

Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.

Бекіту кезеңі



Тапсырма: Оқулықта берілген білім порталдарының жэне каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.

  1. Қорытынды кезең

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?

  3. Қандай тәжірибелік жұмыс жасадық?

  1. Бағалау кезеңі

Оқушылар тапсырманы орындаған жэне білімді меңгерген деңгейіне байланысты бағаланады.

  1. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

12 қыркүйек 2016 ж ________________

Пән аты: Информатика


Сабақ:    Мәтіндік  ақпаратты  кодтау

Мәтіндік  ақпаратты  кодтауға  үйренеді.  ASCII, Unicode  кестелерімен  танысып,  кодтауды  үйренеді.

Барлық оқушылар




Сынып 7

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары

 Мәтіндік  ақпаратты  кодтауды  үйренеді.  Нақты  бір  код  символының  тағайындалу  маңыздылығын  түсінеді  және  ол  кодтық  кестеде  бекітілетінің  біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Мәтіндік  ақпаратты  байттардың  көмегімен  кодтау  әр   түрлі  стандарттарға  сүйенетінін  біліп,   бірақ  барлығына  бірінші  негіз  болған  АSCII  стандартымен  жұмыс  жасай  алады. Unicode  кодтау  кестесінде  бір  символ  кодтау   үшін  2 байт  пайдаланатынын  біледі.

Кейбір оқушылар

Әртүрлі   кодтық  кестелермен  символдарды    кодтай  біледі, әртүрлі  кодтаудағы  орыс  тілі,  ағылшын  тілі,  қазақ  тілі   мәтіндерді   салыстырады.

Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  сабақ  мақсатын  өздері  құра  алады,  жазбаша , компьютермен  тәжірибелік тапсырмаларды  орындайды.

 …. (істей алады)

Негізгі сөздер мен тіркестер

АSCII, Unicode, КОИ -8, СР 1251, СР 866, Мас, ISO

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған мақсаттар:

АSCII   жүйесінде  кодтаудың   екі  кестесі   –  негізгі  және  кеңейтілген  кестесінің  айырмашығы.

Сіз неліктен…. екенін айта аласыз ба?

АSCII  стандартын  неге  және  не  үшін  пайдаланады?   Unicode   бұл  қандай  кодтау  және  оған  кімдер  қосылған.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Хабарламада  ақпараттың  санын  символда  және  байтта  анықтау.

Алдыңғы оқу  Компьютердегі  ақпаратты  ұсыну  тәсілдерін  біледі, сандық  ақпаратты   компьютермен   кодтай  біледі.

Жоспар

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )

Жоспарланған уақыт

 

Басталуы

7 минут


 

 

 



3 минут

 

 



І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті: «Маңдайдағы   стикер»



Мақсаты:   үй   тапсырмасы  мен  сергіту  сәтін  біріктіріп  өткізу. Сынып ішінде, оқушылар арасында жақсы ахуал тудырып,  өткен  тақырыпты  қаншалықты  түсінгендерін  байқау.

ІІ Топқа  бөлу.   Екілік  жүйедегі   және  ондық  жүйедегі  сандарды  табу  арқылы  «Екілік» және «Ондық» болып  екі  топқа  бөлінеді.

Ортасы

2 минут


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

10 минут



 

 

 



 

 

 



 

 

14 минут



 

 

 



Қызығушылықты ояту, миға шабуыл 

–     Ақпараттың  қандай  түрлерін  компьютер  өңдейді?

  Сандық,                  мәтіндік,             графикалық.

–  Біз  сіздермен  өткен  сабақта  ақпараттың  қандай  түрімен  кодтауды  үйрендік ? Сандық.

– Ендеше, бүгінгі    қандай  ақапаратты  кодтауды  үйренеміз?

Мәтіндік  ақпаратты кодтау.



Мағынаны тану.  Жаңа  тақырып  слайдта  жазылады.

«Мозайка»  әдісі.

Оқулықтан   мәтін  екіге  бөлініп , жаңа  тақырыпты  оқып, оқушыларға  оқыған  мәтіннен  тақырыптың  мазмұнын  ашып  беретін  сұрақтар  құрастырады.   Осы  сұрақтарды   топпен  ортаға  салып  талдайды,  дұрыс  шешімін  табады.  Қарсы топтан  екі  оқушы  келіп  өз түсінгенін  ортаға  салады  және  сұрақтарын  талдап  дұрыс  жауаптарын  қарсы  топқа  түсіндіреді.

Қ.б.  Бармақпен  бағалау.

Ой  толғаныс.

Компьютердегі  тәжірибелік  жұмыс.

А – деңгейі.

1-тапсырма

Төменде  берілген  хабарламада  ақпараттың  санын  символда  және  байтта  анықтаңдар:

     Мәтіндік  ақпаратты  байттардың  көмегімен  кодтау  әртүрлі стандарттарға  сүйенеді,  бірақ  барлығына  алғашқы  негіз  болған  АSCII  стандартты.

АSCII  жүйесінде  кодтаудың  екі  кестесі  бекітілген – негізгі  және  кеңейтілген.

   Монитор  экранындағы  графикалық  ақпарат  кескін  түрінде  беріледі,  ол  белгілі  бір  қатарлар  санынан   қалыптасады.  Ал  ол  өз  кезегінде  белгілі  бір  нүктелерден  (пиксельдерден)  тұрады.

2-тапсырма

1.     Блокнот  программасын  ашыңдар (Іске  қосу – Программалар-  Блокнот).

2.     Осы  тәжірибелік  жұмыстың  1-тапсыпмасындағы  мәтінді  еңгізіңдер.

3.     Жақшаның  ішіндегі  мәтінді  Жұмыс  үстелінде  сақтаңдар ( Файл – Сақату – Жұмыс  үстелі  бумасын  таңдаңдар – файылдың  атауын  теріңдер – сақтау – Блокнотты  жабу).

4.     Осы  файлдың  ақпараттық  көлемін  компьютер  арқылы  аңықтаңдар (файлды  ерекшелеп  алыңдар – Контекстілк  мәзірін  шақырыңдар – Қасиеттер ( Свойства)).

В – деңгейі.

1-тапсырма

  А  деңгейінің 1,2  тапсырмасын  орындаңдар.

2- тапсырма

1.     1-тапсырмадағы мәтінді  дыбыстық  файл  түрінде  жазыңдар: Дыбыс.wav (Іске  қосу – Программалар – Стандартты – Дыбыс  жазба – Жазба  батырмасын  басыңдар  және  мәтінді  микрофонға  дауыстап  оқыңдар).

2.      Бұл  мәтінді  Жұмыс  үстелінде  сақтаңдар (Файл – Сақтау – содан  соң  Жұмыс  үстелі бумасын  таңдаңдар,файлдың  атауын  еңгізіңдер – Сақтау).

3.     Бұл файлдың  ақпараттық  көлемін  анықтаңдар.

4.     Мәтіндік  жіне  дыбыстық  файлдардың  көлемін  салыстырыңдар.

 


 

 

  



 
 

Қорытынды: « Венн диаграмма» стратегиясы бойынша АSCII  мен Unicode  кестелерінің   айырмашылығы  мен ұқсастықтарын жазу.

АSCII кестесі


 
Үйге  тапсырма: §3 Оқу, 16,17- беттегі  тәжірибелік  жұмысты  аяқтау.

Бағалау: жиынтық  бағаны  шығарамын.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет