Есеп №3. Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).
Есеп №4. Москва теледидар мұнарасының төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).
3-топ. Есеп №1.Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).
Есеп №2. Эйфель мұнарасының етегінде атмосфералық қысымның 745 мм сын. бағанасына тең. Мұнараның биіктігі 324 метр. Мұнараның үстіңгі бөлігіндегі қысым нешеге тең?
Есеп №3. Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күштің мәнін есепте. (S=1м2)
Есеп №4.Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын.бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм сын.бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?
Бағалау критерийі
Дескриптор
Формула қорыта алады.
Алған білімін пайдалана алады.
Атмосфералық қысымның биіктігіне байланысты есептер шығара алады.