Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз»



бет7/7
Дата06.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#43343
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ой толғаныс сатысы
І топ
Бес жолды өлең
1.1 зат есім /кім?/ -саятшы
2.2 сын есім /қандай?/ -әзілқой, мейірімді
3. 3 етістік /не істеді?/ -құс салды, аң аулады, сауға берді
4. 4 сөзден сөйлем – Саятшы Ораз олжасын үлестірді.
5. 1 синоним –құсбегі
ІІ топ
Концептуалдық кесте



кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ораз

Өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.

Мол, олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, аса жайдары мінезді адам

Өте жақсы


Сергіту сәті


V. Бекіту
Тест жұмысы
І .Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?
а/ қыста ә/қысы-жазы б/жазда
ІІ. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
а/ Сәбит ә/Ораз б/Мұқан
ІІІАлғыр құстардың ішінде ілуде біреуі ғана болмаса, бабын тауып қайыра алмайтыны қай құс еді?
а/ қаршыға ә/тұйғын б/ителгі
ІҮ. «Биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық» .Кімнің сөзі?
а/Ораз ә/Сүлеймен б/Мұқан
Ү. «Айғайдан қашпайтын аң бола ма, ар жағынан дыбыс шықса, бері қарай өздері де жөңкиді,» -дейді Ораз. Қандай аң туралы айтылған?
а/ қасқыр ә/қоян б/түлкі
ҮІ. Ораз қыста бүркіт салды, ал жазда қандай құстарды салатын еді?
а/ лашын, тұйғын ә/қаршыға, тұйғын б/ ителгі, бүркіт
Тесттің дұрыс жауаптары:

  • І – ә

  • ІІ – а

  • ІІІ – б

  • ІҮ – а

  • Ү –ә

  • ҮІ - ә




Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5-6 жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса



І топ – Аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар:
1. Аңға шығар алдында аңшыға «Қаңжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
2. Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды. Алғашқы олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
3. Атып алған арқардың, тау ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшы өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшылармен бірдей етіп бөліседі.
4. Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оны үйдің төріне немесе бесікке іліп қояды.
5. Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.
ІІ топ –Аңшылық кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер:

  • Құстың алғанынан салғаны қызық

  • Қыран күнге қарағанда кірпігін қақпас

  • Ер қартайса, қазаншыл болады,

Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.

  • Бүркіт самғап ұшып, сорғалап түседі

  • Қыран ұясын қияға салар



VI. Үйге тапсырма
Эссе «Қазақтың саятшылық дәстүрі» немесе «Құс салу –жан рахаты»
VII. Бағалау
«Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша қорытынды баға қойылады.



1 жалпы орта білім беретін мектебі



Ашық сабақ
С.Мұқанов «Саятшы Ораз»
7 сынып


Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Т.Алипова


2010-2011 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет