Негізгі бөлім
|
10 мин
5 мин
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін оқушылардан «Көкшенің көрінісі» мәтінінің мазмұнын сұраймын.
І, ІІ топ: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
ІІІ топ ІV топ: Автор туралы айтады.
Жаңа сабақты түсіну үшін «Топтастыру» стратегиясы бойынша: Таулы, орманды, шөлді жер жануаралары туралы айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-Таулы жерде қандай жануарлар тіршілік етеді?
-Киік несімен пайдалы ? Сұрақтарға жауап береді.
|
-Балалар, ендеше «Ақсақ киік » өлеңімен таныс боламыз . Өлеңді оқиды. Өздері түсіндіреді.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1]1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
|
|
8 мин
7 мин
|
Топтық тапсырмалары:
1 –топ: Арқа-кең дала,жазық дала.
Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі сирек шөл дала.
Ел жоқ,күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік,жан жоқ деген.
Картадан (Арқа, Бетпақдала дегеннің ұғымын беру үшін) Қазақстанның жер көлемін таныстыру.Оның қай тұстарын бетпақдала алып жататыны көрсетіледі. «Бетпақ» деген сөздің мағынасын түсіндіру.
2-топ: Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?
-Ол- киелі жануар.
- Киіктің лағын қалай атаймыз?
- Құралай.
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.
Өз пікірлерін айтады.
Оқушылар өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.
3 - топ :
Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді.
|
Бекіту сұрақтары.
1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
2.Киік қандай жерді мекендейді?
3.Киікті басқаша қалай атайды?
4.Киік мүйізінен не жасалады?
5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?
-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.
6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?
Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.
4-топ: Бес жолды өлең
|