Күні: 24.04.12
Сыныбы: 5 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Серәлиев Нәсіреддин «Аңсау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақынның өміріне шолу жасау, көркем оқуға үйрету және идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру.
Дамытушылық: түсініп оқу дағдыларын арттыру, еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету. Шығарманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: шыдамдылыққа, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Мұхтар Шаханов «Отырар»
ІІІ.Жаңа сабақ
Серәлиев Нәсіреддин «Аңсау»
Өмірдерек
Насреддин Сералиев 1930 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы «Қашқансу» ауылында туған.
1944 жылы Абай атындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, сол жылы
Қызылордадағы педагогикалық училищеге түседі. 1948 жылы Н.В Гоголь атындағы педогогикалық институтың филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. 1952-58 жылдыры жазушы облыстық «Ленин жолы» газетінде, кейін «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істейді. 1962-65 жылдары өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, 1968 жылдан қайтыс болғанға дейін осы бөлімшенің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.
Н.Сералиевтың «Ұшталмаған қарындаш» (1956ж), «Намыс» (1959ж), «Ақ лақ пен қара лақ» (1961ж), «Ақбөпе» (1968ж), «Ақ қайың» (1967ж), «Ыстық күлше» (1969ж), «Қарақыз» (1969ж) т.б кітаптары бар.
Н. Сералиевтың аударуымен И. Котляровскийдің, А. Гайдардың, С.Баруздиннің шығармалары қазақ оқырмандарының қолына тиді.
Жазушы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Н. Сералиев 1989 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.
Туындылары
«Намыс (1959),
«Ақ лақпен қара лақ»
(1961), «Әңгелек» (1964),
«Ақбөпе» (1966),
«Ақ қайың» (1967),
«Ыстық күлше» (1969),
«Қаңтар (1971)
«Зеңгір аспан»,
«Махаббат туралы хикая»,
«Құм адамдары»
«Ақмаралдың өтініші»
«Бор «
«Вокзалда»
«Мейірімді қыз»
«Райхан»
«Торы ат»
«Түйме»
Тәртіпсіз лақ
«Шәкеннің ағасы»
«Аңсау»
Шығарманы оқыту
Жоспар құрғызу
Сөздік жұмыс
Зәңкиген-еңселі,биік
қапырық-өте ыстық
саяжол-ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол
жаялық-жас нәрестені орайтын жөргек мата
алагүлік-қоңыздың бір түрі
азанда-таңеретң
кремпілен-матаның атауы
қиямет-қиын
IV.Бекіту:
Ермектің анасы
Қария қалаға неге келді?
Ол кімге жолықты?
Бала кімді аңсап жүр?
V.Үйге: Серәлиев Нәсіреддин өмірі мен шығармашылығы, «Аңсау» мазмұндау
VI.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |