Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Мағынаны тану кезеңі (тақырыппен жұмыс)
- Балалар, би, шешен деген сөздерді естігендерің бар ма? Мағынасын қалай түсінесіңдер?
(Оқушылардың ой пікірін тыңдап, толықтырып, жан жақты мағлұмат беру)
- Қазақ халқына тән ең бір атақты өнердің бірі – шешендік өнер. Шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген. Ел аузында:
Төле тауып айтады,
Қазыбек қазып айтады,
Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би – ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би – шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігімен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болған.
Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту. Мәнін түсіндіру.
- Балалар, өздерің ататектеріңді білесіңдер ме? Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау.
- Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма.Түсініп оқу.(жеке жұмыс)
«Бармақ» әдісі арқылы бағалау.
2-тапсырма.Рөлге бөліп,мәнерлеп оқу. (топтық жұмыс)
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
4-тапсырма.Берілген мәтінді сахналық қойылым ретінде көрсету.
Бағалау. (қол шапалақтау арқылы)
Дәптермен жұмыс.
Үш би.
Ой толғаныс кезеңі
Sinkuein (бес жолды өлең)
1.Зат есім. (Әйтеке би)
2.Сын есім. (ақылды,әділ)
3.Етістік. (ойлайды,болжайды,шешеді)
4.Әйтеке-кіші жүздің биі.
5.Шешен
(әр топқа оқыту)
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|