Пәні:Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 9
|
Күні:5.02.2015
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірі, шығармашылығы.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1 . Блум жүйесі арқылы Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) шығармаларының тақырыптық-идеялық өзектілігін тану, білу.
2. Ақынның жырларын оқу,мазмұнын түсіну, ақын поэзиясының құндылығын үғыну.
3. Ақын жайында қосымша материалдарды сұрыптай отырып қорытынды жасау
|
Күтілетін нәтиже:
|
1. Блум жүйесі арқылы Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) шығармаларының тақырыптық-идеялық өзектілігін таниды және біледі.
2. Ақынның жырларын оқиды,,мазмұнын түсінеді, ақын поэзиясының құндылығын үғынады.
3. Ақын жайында қосымша материалдарды сұрыптай отырып қорытынды жасайды.
|
Негізгі идеялар:
|
Оқушылар Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, адамгершілік құнды қасиет екенін ұғынады, ізденімпаздық қасиеттері қалыптасады, шығармашылық белсенділіктері шыңдалады, өнерді қастерлей білуге дағдыланады.
|
Уақыт
мин
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері»
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
|
Сәлемдесу.
|
|
|
Мақалдың сөздері жазылған қима қағаздарын таратамын. Мақалдың мазмұнына қарай «Ізденушілер», «Қолданушылар», «Зерттеушілер» деп топқа бөлемін.
|
Қима қағаздарға жазылған сөздерден мақал құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
|
Қол шапалақтау арқылы мадақтау
|
Қағаз қиындылары
|
5
|
«Зымыран сұрақтар»
|
«Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.
|
«Зымыран сұрақтарға» жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтайды.
|
Мадақтау, формативті бағалау
|
слайдтар
|
3
|
Тұсаукесер
Ой шақыру
|
«Ән-жұмбақ» М.Беспаевтің «Шал ақынның термесін» тыңдатамын. Әнге қатысты сұрақтар қоямын.
|
Ән-жұмбақты тыңдап, әнді орындаушыны тауып, орындалған шығарманың терме екенін табады.
|
формативті бағалау
|
үнтаспа
|
2
|
Жаңа сабақ
Бойтұмар
|
Жаңа сабақтың бойтұмары:
«Шежірелі қартың болса,
Қағазға жазған хатың деген,
Қарттың өзі кітапқа жақын»- деп, жырлаған Шал ақын туралы қоғам қайраткері, ақын К.Салықов пен ф.ғ.д., профессор Ө.Күмісбаевтың зерттеу еңбектері жайында ақпарат беремін. «Ата-ананың қадірі», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерін үнтаспадан тыңдатамын.
|
Шал ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.
«Ата-ананың қадірі», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерін мұқият тыңдап,өлең мазмұнына көңіл бөледі.
|
формативті бағалау
|
Элек.оқулық
Ин.тақтасы маркер, плакат
|
10
|
Мағынаны тану. «Джигсо» әдісі.
|
Джигсо әдісі арқылы оқушылар топпен жұмыс жасайды. Оқулықтан Шал ақын туралы мәліметтерді, хрестоматиядан өлеңдерін әр топқа бөліп беремін.
|
1-топ. Шал ақынның өмірі, суырып салма ақындылығы, толғауларының тәлімдік мәні.
2-топ Ақын шығармашылығындағы асыл қасиеттер. «Ата-ананың қадірі» өлеңі.
3-топ Ақын толғауларындағы философиялық таным және бейнелілік. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңі.
|
формативті бағалау
|
Интербелсенді тақта, планшет
|
2
|
Сергіту сәті
|
«Көңілді күн» бейнеролигін қоямын.
|
«Көңілді күн» бейнеролигін тамашалап, дене қимылдарын қайталайды.
|
Мадақтау
формативті бағалау
|
Интербелсенді тақта, үнтаспа
|
10
|
Қызығушылықты ояту
|
Блум таксаномиясын
-білу,
-түсіну,
-қолдану,
-талдау,
-топтау,
- бағалауды
қолдана отырып әр топқа деңгейлік тапсырма беру. Оқушылар берілген тапсырманы постерге түсіріп, қорғайды.
|
Білу. 1.Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірі мен шығармашылығы.
2.Ақынның тұңғыш өлеңінің шығу тарихы
Түсіну. Неліктен суырып салма ақын атанған?
Қолдану.«Ата- ананың қадірі» өлеңінің идеялық мазмұнын ашып,талдау жасаңдар.
Талдау . Адам үшін өмірдегі ең қымбат құндылықтардың қадірі мен қасиетін қалай түсінесіңдер?
Топтау. Шал ақын –өз заманының беделді адамы.
Шал ақын туралы айтылған ғалымдардың еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми гипотеза (болжау) ұсыну.
|
Мадақтау, формативті бағалау.
|
Компьютер, интер.тақтасы
|
4
|
Ой талқы
|
Бағалау. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің өзектілігі
|
Бағалау. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің өзектілігі туралы оқушылар өз ойларын, идеяларын, тұжырымдарын дәлеледермен жеткізеді.
|
мадақтау
|
оқулық
|
3
|
Жеке оқушылармен жұмыс
|
Ақынның шығармаларынан үзінділер оқытамын.
|
Ақынның шығармаларынан үзінділер оқиды
|
формативті бағалау
|
оқулық
|
1
|
Бағалау
|
Бағалау критерийлері бойынша оқушы білімін бағалау
|
Топ басшылары бағалау парақшаларын толтырып, қорытынды баға шығарады.
|
формативті бағалау
|
Бағалау парақшасы
|
Үйге тапсырма
|
Шал ақынның шығармаларында көтерілген тақырыптар мен мәселелер туралы баяндау
Шал ақынның шығармаларындағы нақыл сөздерді жаттау
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
формативті бағалау
|
|
1
|
Рефлексия
|
Сабақ бойынша ойыңды білдір.
Қандай жаңа білім алдың?
Алған біліміңді қолдана аласың ба?
Саған қиындық тудырған түсініктер
|
Кері байланыс парақшасын толтырады.
|
формативті бағалау
|
Кері байланыс парақшалары
|