Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
2. Дамытушылық. Тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік. Мәтіннің тәрбиелік мәніне назар аударту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі, сөздік әдісі, көрнекілік әдісі,
сұрақ - жауап, бақылау, іздендіру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер, нақыл сөздер.
1. Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау
б) Шаттық шеңбері
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.
Ата - әжеме хат.(мәтін)
1. Хатты жазып отырған кім?
2. Ол хат кімдерге арналған?
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару .
Өткен тақырыпты халық даналығы арқылы жаңа сабақпен байланыстыру.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
Оқушылар, берілген мақалды қалай түсінесің? Мәнін ашыңдар.
1.Нақыл сөздерді оқу.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінді мәнерлеп,түсініп оқуға дағдыландыру,
мазмұнын меңгерту.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Кіріспе
Бауыржан Момышұлы өміріне тоқталу.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
2.Мұғалімнің оқып, түсіндіруі:
Ұшқан ұя
- Мәтін не туралы?
3.Мағынаны тану.
І – кезең: Ақсақалдар мәжіліс құрып отыр.
Ақсақалдар қайда отырды?
Не ішіп отыр?
Дастархан шетінде кім отыр?
Бала Бауыржанның құлағын не деп сыбырлады?
ІІ – кезең: Әдепті баланың бейнесі.
Бала бауыржанның бейнесі , не істеді?
Қызарақтады,үйден шыға жөнелді.
Неге қызарақтады?
Неге үйден шыға жөнелді?
Себебі: Ол әкесінің айтқанын орындамағанына ұялды.
Сыртта біраз тұрып,үйге қайта кірдім
Неге ол сыртта біраз тұрды ?
Жақсы бала әр уақытта, жіберген кемшілігін өзі біліп,өзі түзейді.
Балалар қазақта мынадай мақал бар
«Сәлем – сөздің атасы »
Бала үйге кіріп не деп амандасты
-Ассалаумағалайкум,аталар деді
Аталар оған күлісіп ,бірауыздан «Алейкүмсалам» - деді,
Балалар үлкенді қалай құрметтесең,олар да саған құрмет көрсетеді.
Әкесі баласына қалай қуанды ?
«Жарайсың! Үлкендерге сәлем беруді ұмытпа деді. Әдепті бала сөйтеді» деді
ІІІ – кезең: Ататегін тану.
Әкесі оған не үйретуші еді .Жеті атасын үйрететін,ал келген қонақ не сұраушы еді?
Атын, жеті ата жөніндегі білімін сұрайтын .
Ел тану –ататегін танудан басталатынын ол кезде кім білген.
VI. Жаңа материалды оқыту:
1. Оқушыларға оқыту:
Дауыстап, тізбектей оқу.
2. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Ататегі – арғы аталары
Баппен - асықпай
Араз – тату емес,өш.
3-тапсырма.Мәтіннің ең соңғы сөйлемін қайталап оқы.
4-тапсырма
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Нақыл сөз
Ел тану – ататегіңді танудан басталады.
Дәптерге жазу
«Сергіту сәті »
5-тапсырма
Сызбаны дәптеріңе толтыр.Сызбадағы сөздердің тұсына өз ататегіңді жаз.
- Сызбаны толтыр.
Оқушылардан жеті атаның қазақша құрылымын сұрап,ататегін ауызша
айтқызу.
Жеті ата
|
Сенің ататегің
|
Ата
|
|
Әке
|
|
Бала
|
|
Немере
|
|
Шөбере
|
|
Шөпшек
|
|
Немене
|
|
Аяқтай алмағандар үйден әкемізден сұрап толтыру.
VІІ. Түсінгендерін тексеру:
1.Бала Бауыржанға кім үйретуші еді жеті атасын.
2. «Тест - интервью»
Р/с Сұрақтар ------------------------------------ Оқушы жауабы
Киіз үй -----------------------------Қазақтың байырғы көшіп қонуға ыңғайлы,ағаштан жасалған,киізбен жабдықталған үйі.
1. Ақсақалдар деген кім? ------------------------------- Қариялар, аталар.
2.Қымыз қай малдан алынады------------------------ Жылқы
3. Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесіңдер? ---Амансыз ба? Мал - жан аман ба? 4. «Ассалаумағалайкүм»дегенді қалай түсінесіңдер---------Алланың нұры жаусын
5. «Алейкүмсалам!»---------------- Саған да ,алланың нұры жаусын
6. Әдепті бала -(қандай бала?) ------------------------------- Арлы бала
7«Қызарақтап» деген сөздің мағынасын аш. ------------ Ұялу
8. «Баппен» деген сөзді қалай түсінесің? --------- Асықпай
VІІІ. Сабақты Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерімен аяқтау
1.Тексізден тентек артық.
2. Видио.Б.Момышұлының қазақ родиосының алтын қорында
сақталған дауысын тыңдайық.
1.Кімнің дауысын тыңдадық?
2.Бауыржан кім?
3.Үйге келген қонаққа не істеу керек?
4.Ел тану деген не ?
VII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау. Б.Момышұлының нақыл сөздерін жазып келу.
VIIІ. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |