Сабақтың тақырыбы: Шеберлікте шек жоқ Пәні: көркем еңбек Сыныбы: 3 Өткізген



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі130,46 Kb.
#93707
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
шеберлікке шек жоқ 3кл.көркем еңбек

Сайыстың жоспары:
І. «Кім білімді? Кім епті?»
ІІ. «Шеберлігіңді шыңда»
А) түрлі түсті қағазбен жұмыс
Ә) ермексазбен жұмыс
Іске кіріспестен бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
І. «Кім білімді? Кім епті?» бөлімі.
Сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Әр сұрақ 2 ұпаймен, әр тапсырма 3 ұпаймен бағаланады.
Бағалау критерийі:
-сұрақтарға толық, нақты жауап берулері керек;
-берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза орындаулары қажет;
1. Өзара сәйкес келетін түстер не деп аталады?
Ж: түс үйлесімі немесе түс гаммасы
2. Суретті безендіруге арналған жақтау не деп аталады?
Ж: паспарту
3. Жануарларды бейнелейтін суретшіні кім деп атайды?
Ж: анималист
4. Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?
Ж: тұрмыстық заттарды жасау және әшекейлеу өнері. Тұрмыстық заттар: сандық, жастық, кілем, ыдыс-аяқ, киім-кешек, жиһаз. Бұларды ою-өрнекпен әшекейлеп сәндейді.
5. Симметрия және оның осі дегеніміз не?
Ж: бейненің екі жағы да бірдей болады. Оны симметрия деп атаймыз. Бейнені бірдей екі бөлікке бөлетін сызықты симмитрияның осі дейді.
6. Сызықтық перспектива дегеніміз не?
Ж: алыстағы заттар кішірейіп, ал жақындағылары үлкен болып көрінетін бейнелеу тәсілі.
7. Иллюстрация дегеніміз не?
Ж: суреттегі кейіпкерлердің мінезі мен бейнесін ашып көрсетеді. Мұндай суреттерді иллюстрация деп атайды.
8. Суреттердің ішінен натюрмортты тап.
9. Мына туындыларға график-суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?
Ж: сызық, пішін, ақ және қара түстер
10. Суреттердің түсі қандай? Не аңғардыңдар?
Ж: жасыл түстер. Реңк – бір түстің түрленуі.
11. Мына композициядағы қарама-қарсылық заңдылықтарды тап.
Ж: түсі, пішіні, өлшемі, қозғалысы, мінез-құлқы, жұмсақ-қатты
12.Әртүрлі матрицалармен бейне жаса.
1-топ: Гүл салады 2-топ: құс салады 3-топ: жүзім салады
13. Монотопия тәсілімен бейне сал.
ІІ. «Шеберлігіңді шыңда» бөлімі.
А) түрлі түсті қағазбен жұмыс
Өткен тақырыптар бойынша түрлі түсті қағаздан бұйымдар жасау. Жасалған әр бұйымға 5 ұпай беріледі.
Бағалау критерийі:
-жұмыс таза, ұқыпты, әдемі жасалуы қажет;
-түстердің үйлесіміне мән берулері керек;
І топ: «кескіндеме» фотоальбом жасау
ІІ топ: «графика» құттықтау плакатын жасау
ІІІ топ: «дизайн» қорап жасау
Ә) ермексазбен жұмыс
Ермексаздан түрлі бейнелер мен мүсіндер жасау. Жасаған жұмыстарына 5 ұпайдан беріледі.
Бағалау критерийі:
-жұмыс таза, ұқыпты, әдемі жасалуы қажет;
-түстердің үйлесіміне мән берулері керек;
І топ: «кескіндеме» жануарлар мүсіндеу
ІІ топ: «графика» салпыншақ ойыншық
ІІІ топ: «дизайн» бедерлі сурет
ІІІ. Кері байланыс: «Бір сөзбен айтқанда...» әдісі. Оқушылар өздеріне берілген сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап алады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Қызықты, Қызықсыз, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
ІҮ.Қорытынды:
Топтардың алған ұпайларын есептеп, марапаттау.

Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Қызықты, Қызықсыз, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.


Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Қызықты, Қызықсыз, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.


Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Қызықты, Қызықсыз, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет