құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Миға шабуыл : «Әткеншек» әдісі
Бұл тәсіл оқушылардың өз ойын дәлелді жеткізуге үйретеді. Сынып оқушыларына «Парасат- Тахауи Ахтанов 28.04.18»
(https://yandex.kz/video/search?filmId=5529685226205117143&text=т.ахтанов%20шығармалары&family=yes) бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Барлығына бірдей «Сен «Күй аңызы» әңгімесінің авторы жайлы не білесің?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.