Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл Мақсаты



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі25,99 Kb.
#172343
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты. Ұшқыр ой мен шешен тіл

«Тұлпар» тобына:

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

  3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

  4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

  5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

  6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

  2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)

  3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

  4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

  5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

  6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,
    Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)


  1. Қалқиып екі құлағы,
    Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян — заяц)


  1. Жолбарыстан аумайды,
    Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)


  1. Жеп көріп ем өзім мен,
    Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


  1. Бұлаңдаған құйрығы,
    Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)


  1. Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп. (кітап – книга)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет