Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының шығармалары.
«Бала зары», «Жер толғаулары».
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шортанбай Қанайұлы.өмірінен мәлімет беру, шығармалары жайында әңгімелеу, ақынның шығармаларындағы отарлау саясатынан туындаған мәселелерді сөз ету;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету;
Тәрбиелік: ақын шығармаларынан өзіне өнеге алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жаңа сабақ. Шортанбай – қазақ әдебиетінің «зар заман» дәуірінің көрнекті өкілі.
1818 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақын шығармаларында 19 ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмір шынайы суреттеледі.
Шортанбай еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, шынжыр балақ шұбар төстердің әділетсіздігі мен зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі.
Ақын өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастырады. Ол айтыс ақыны ретінде де көрінеді.
Шортанбай – қазақ әдебиетіндегі «зар заман» дәуірінің көрнекті өкілі.
«Бала зары» жинағы ХІХ ғасырдың 80 жылдары Қазан қаласында басылып шықты. Оған енген жыр-толғаулары тақырып жағынан немесе басқа бір ерекше сипаттарына қарай жіктеу өте қиын. Шортанбай ақында бірден көзге түсетін айқын ерекшелік – басқа ақындардай емес, не жөнінде атса да, өзінің ойына, түпкі мақсатына әрдайым дін қағидаларын тірек етіп, Құдайды аузынан тастамайды.
Қазақ әдебиетінде дін сарынын алғаш бастаған ақын осы Шортанбай болса, ол – өзі мұсылманшылықты исламның дін кітаптарынан алған адам.
Ақынның ел-жұртына айтқан насихат өлеңдері.
Айтыс ақыны ретінде көрінуі.
Шортанбай өлеңдерінің құрылысы.
Ү. Бекіту. 1. Шортанбайдың Мұрат, Дулат шығармаларымен өзектестігі бар ма?
2. Ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі қандай деп ойлайсыңдар?
ҮІ. Қорытынды. ҮІІ.Үйге тапсырма.Ақын өлеңдерін жаттау.
ҮІІІ. Бағалау.