Сабақтың тақырыбы: сын есімнің мағыналық ТҮрлері сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі88,55 Kb.
#9116
түріСабақ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



ҚАРАБАСОВА РОЗА СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ

Пәні: ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сыныбы:6 ә

Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оларды бір – бірінен ажырата білуіне үйрету

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушының өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау

ТӘРБИЕЛІК: Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдегі тапсырмалар

Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде сұрақ-жауап; ІІ кезеңде

а)оқулықпен жұмыс;

ә)дискусия

в) практикада бекіту әдісі; ІІІ кезеңде –үшдеңгейлік

тапсырмаларды өз бетімен орындату арқылы бағалау

әдістері.



4. Сабақтың формасы: І кезеңде – фортальды жеке ІІ кезеңде- топтық ,

фронтальды,



ұжымдық ІІІ кезеңде-жеке.

5.Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері ашық журналдар, оқулық-слайдтар,

тақта, оқулық,


Сабақтың өту барысы:

І кезеңде а)ұйымдастыру;

б) үй тапсырмасын тексеріп, тақтадағы журналға белгілеу;

в) көпір тапсырмаларын тексеру.

ІІ кезеңде а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші

тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Бағалау арқылы тақтадағы ашық

журналға және оқушының жеке журналына қою.

б)мұғалімнің

байланысты дискусcия жүргізуі.

в) тақтамен оқулықпен жеке жұмыс.



ІІІ кезеңде- дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды журналға белгілеп отыру, жиналған

алғашқы ұпайлармен қорыту, жеке журналдарына тіркету қалған тапсырмаларды

үй аяқтап келуге беру.


1-кезең.

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?



Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар.

2.Зат есім дегеніміз не?



Заттың атын білдіретін кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.

3.Сын есім дегеніміз не?



Заттың түр-түсін ,сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады.

ІІ кезеңЖаңа тақырып бойынша тапсырмалар

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Бос орынға қажетті сөздерді жазып,сөйлемді толықтыр.

Сын есім заттың түрлі белгілерін тікелей де,басқа екінші бір заттардың қатынастары арқылы да білдіреді.

Сын мағынасына қарай сапалық және қатыстық деп бөлінеді.

Сапалық сын есімдер-заттың әр алуан белгісін білдіретін сөздер

Қатыстық сын есімдер-зат белгілерінің басқа бір зат қатысы арқылы анықталады.


Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Қатыстық сын есімнің мағынасы неге байланысты болады?

Қатыстық сын есімнің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасына байланысты болады.


Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)

Төмендегі берілген сөздердің қайсысы сапалық,қайсысы қатыстықсын есімдерге жатады?

Аттылы ,жасыл,үлкен,өнерлі,жүгіргіш,тәтті,көргіш,балалы

иманды,айтқыш

жасыл аттылы

үлкен өнерлі

қысқа жүгіргіш

тәтті көргіш

айтқыш

иманды


балалы

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)

Төмендегі сын есімдерге тиісті зат есімдерді тіркестір

БПрямая со стрелкой 174Прямая со стрелкой 172ілімді Сөйлем

Басыңқы Оқушы

Қабілетті адам

Ибалы актер

ӘПрямая со стрелкой 175уесқой сөз

Дарынды келін

Түйінді әнші



Практикасы:___«ҚОЛДАНУ»'>Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)

Оқулықпен жұмыс.150-жаттығу

Сын есімдерді тауып,өзінің тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар,оларды сұрақ қою арқылы талдаңдар.



Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сен қалай ойлайсың?Сын есімдер омоним бола ала ма?

Кейбір сын есімдер омоним бола алады.

1.Ақ түр,түсті білдіреді.

2.Ақ киім,ақ қар, ақ дастархан

3.Ақ-сүт өнімдері.Ақты төкпе

4.Ақ(ағу)-қимылдық мағына.Бұлақта су ағып жатыр.

5.Ақ(ауру)Көзіне ақ түст

6.Ақ (Ауыспалы мағына)Күнәдан ақ,пәк,таза


ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

І деңей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

1.Негізгі сын есімді тап.

А.Балалы үй Ә.Рухани байлық Б. Қара көйлек

2.Туынды сын есімді тап

А.Сексеуіл құмды ұстайды

Ә.Бетегеден биік,жусаннан аласа

Б.Жері құмды,малға жайлы екен

3.Күрделі сын есімді тап

А.Әсемпаз болма әрнеге

Ә.Арыстандай айбатты

Б.Қара ала сиыр,аппақ қар,көкпеңбек аспан

4.Сапалық сын есімді тап.

А.Сұр бұлт Ә.Малды қара Б.көтеріңкі көңіл

5.Қатыстық сын есімді тап.

А.Көшпелі ел Ә.Әсем Астана Б.Тас жол



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма

154-жаттығу.Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.


2-деңгей (5 балл +4балл =9 балл)


Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Не үшін тілдетума сын есімдер болады?

Себебі,басқа сөз табынанжұрнақ арқылы жасалған сын есімді тума сын есім дейді.



Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

Венн диаграммасы толтыр



Зат есім Ортақ қасиеті Сын есім

Группа 178



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

Мақалдан сын есімді тап.



Жақсыадам-елдің ырысы,

Жақсы жер-жанның тынысы

Анаңа қатты сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа




3-деңгей (5балл +4 балл +3 балл =12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

Ойын «Бір сөзбен айтқанда қалай деп атайды?»


Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сен қалай ойлайсың?Мына мақалды өмірмен байланыстырып көр.
«Өнерсіз қыздан без,

Өнерсіз ұлдан без»





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет