Жекеден жалпыға
Дифференциалдықтан сенімділікке
Интуициядан логикаға
Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.
Жалпы сын технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:
- Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
- Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.
- Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
- Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
- Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
- Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
- Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
- Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.
- Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
- Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді.
Сондықтан психологтардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Бастауыш сыныптардағы сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар тұлға қалыптасытруда маңызы зор екендігі тәжербие негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы-ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. Білім – Образование. – 2006, №2.
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі үлгісі. http://go.mail. ru.
- К. Өстемірова, А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары.- Алматы, 2002ж.
- Ә.Әмірова Мектептерде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.- Алматы, 2005ж.
- С.К. Исламгулова Білім берудегі технологиялар.- Алматы, 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |