Сабақтың тақырыбы Сыныптан тыс сабақ



Дата29.03.2017
өлшемі90,6 Kb.
#12577
түріСабақ

Сыныбы: 7

            Қазақ  әдебиеті мен орыс әдебиеті   кіріктірілген сабақ 

Сабақтың тақырыбы

Сыныптан тыс сабақ

Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары                                                      



Мақсаты

Оқушылар «Егіннің бастары», «Аққу, шортан һәм шаян» мысалдарының мазмұнын меңгереді, мән — мағынасын ашады. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой — өрісін дамытады, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиеленеді.Өзін-өзі бағалау түсініктері кеңейеді.

Күтілетін нәтиже

Оқып-үйренуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді. Ойын еркін жеткізе алатын болады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу белсенділіктері артады.Дарынды балалар анықталады.  Өзін-өзі бағалай отырып, сыныптастарын бағалап үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту.

Керекті жабдықтар

Белсенді тақта; Презентация; Үлестірме парақтар, мнемоматериал, аудио материал;

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Дөңгеленіп тұрып:

Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

- Мен сендерге «бүгінгі күндерің сәтті болсын» деймін.

Топқа бөлу

Топ ережесі:Уақытты тиімді пайдалану,  Тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, формативті әділ бағалау т.б, топ басшысы сайланады;

 

Үй жұмысын тексеру   А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы, «Егіннің бастары» мысалы



«Зымыран сұрақтар»

1.А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал» атты аударма жазды. (Иә)

2.«Қырық мысал» кітабы Алматыда жарық көрді.(Жоқ)

3.А. Байтұрсынов И.А. Крыловтың мысалдарын аударды. (Иә)

4.Мысалда автор жануарларды, құстарды, өсімдіктерді суреттейді. (Иә)

5.Мысалдардың тәрбиелік мәні бар. (Иә)

6.А. Байтұрсынұлы И.А. Крыловтан 40 мысал аударды. (Жоқ)

7.«Егіннің бастары» мысалындағы бидай салмақты кейіпкер. (Жоқ)

Мұғалім дұрыс жауапты оқиды.

«Ыстық үстел»

Оқушылар амандасады, шаттық шеңберін жасайды,топқа бөлінеді.

Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз-өзін бағалайды

Жеке оқушы А. Байтұрсынұлы туралы,шығармашылығы туралы айтып береді.


Тұсаукесер

«Аққу, шортан, шаян» туралы мультфильмді көрсету

Минематериал арқылы сабақта өтілетін мысалды табу, сабақтың мақсатын айқындау.



Топтар минематериалды қарап,сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады

Негізгі бөлім

Орыс әдебиеті мұғалімі И.А. Крыловтың мысалдары туралы, мысал жанры туралы айтады. Проблемалық жағдаят: Біз өзімізге осы мысалдардан қандай үлгі аламыз?

  1. Орыс тілі мұғалімі тапсырма береді: «Собрать лепестки ромашки»



Қазақ тілінде мысалды аудио тыңдау

Қазақ тілінде тапсырмалар:

2. Сатылай кешенді талдау.

Тақырыбы-  «Аққу, шортан һәм шаян»

Жанр түрі- Мысал жанры

Мысал идеясы- адамгершілікке, ынтымақ- бірлікке,жаман әдеттерден аулақ болуды дәріптейді.

 Мысал кейіпкерлері-

 Орыс тілі мұғалімі тапсырма береді:

3.Эссе жазу екі тілде

4.. Оқушыларға мысалдардың атаулары беріледі.Сол атауларды орыс, ағылшын тілдеріне аудару

«Қасқыр мен тырна»

«Өгіз бен бақа»

«Ала қойлар»

«Қасқыр мен мысық»

«Егіннің бастарыМаймыл мен көзілдірік»

«Ат пен есек»

«Айна мен маймыл»

«Аққу, шортан һәм шаян»


Оқушылар мысал жанры туралы қазақ тілінде, орыс тілінде айтып береді. Проблемалық жағдаятқа жауап беру үшін тұймедақ құрастырады.

Топта  оқушылар таблица толтырады;

Сатылай кешенді талдау жасайды.

Эссе жазып, топтар бір –біріне оқиды. Бір-бірін бағалайды.



Сөздік жұмысымен жұмыс жасайды (топтық)


Бекіту

Сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмысын жүргізу (екі тілде)



Оқушылар тест тапсырмасын орындап, бір-бірін бағалайды.


Рефлексия

 Үй жұмысы. Автордың «Аққу, шортан һәм шаян»мысалына байланысты сурет салып, жаттап келу.


  Оқушылар күнделікке үй жұмысын жазып алады.
«+», «- », «қызықты»таблицасына стикелерге өз ойларын жазып жапсырады. толтырады








«Қараман орта мектебі» ММ


Қазақ әдебиеті сабағынан ашық сабақ

Тақырыбы: «А. Байтұрсынұлы мысалдары»

7- сынып

Өткізген мұғалімдер: қазақ тілі мұғалімі Нұрмағамбетова А.Қ.,

орыс тілі мұғалімі Елемесова Р.Д.

2016-2017 оқу жылдары





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет