(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Шоқан Уәлиханов пен Қашғарияның қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
2.Шет елдерге сапарға шығудың қандай қауіп-қатерлері бар?
3.Өзге елге сапар шегіп, оны зерттеудің қандай пайдасы бар?
|
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзараұжымдықталқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|