Сабақтың тақырыбы: Сырт келбет және тазалық Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет8/10
Дата29.12.2021
өлшемі24,12 Kb.
#106559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Word (12)

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.


Жаңа сабаққа кіріспе



XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.
1. Б.Майлин неліктен «ауыл өмірінің жыршысы» аталады?

2. Б.Майлиннің әңгімелерін тақырыбы не жайында?



Бейімбет Майлин — аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олардың қатарында: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағы (1933-1936) т.б. кітаптар бар. Бұларда көптеген өлең, поэмалар, әңгімелер мен очерктер, повестер мен романдар, пьесалар орын алған.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет