Сабақтың тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар Сабақ


ɷ=φ/t Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы [ɷ]=1рад/1с=1 рад/с



бет4/5
Дата17.10.2022
өлшемі139,58 Kb.
#153363
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
mzh.-syzyty-zhne-bryshty-zhyldamdytar

ɷ=φ/t Дененің бірқалыпты айналысы кезіндегі бұрыштық жылдамдығы
[ɷ]=1рад/1с=1 рад/с
Шеңбер бойымен толық бір айналым 2П радианды құрайды. Нүктенің толық бір айналым кезіндегі уақыт t=T болғандықтан бұрыштық жылдамдықты мына өрнектермен де анықтауға болады.
ɷ=φ/t=2π/Τ=2πν
υ=ɷR Сызықтық жылдамдық
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус боиымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтанда оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.
ац.т. = υ2 /R



Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут

Қолдану
Топтық жұмыс
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
1 ) 2)

Сызықтық және бұрыштық жылдамдық дегеніміз не?


Сызықтық және бұрыштық жылдамдық формуласын жаз?
Велосипед доңғалығының радиусы 40 см. Айналу периоды 4с. Доңғалақтың айналу кезінде сызықтық жылдамдығы неге тең болды?
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықды салыстыр?
Машина доңғалағының жүрісіндегі сызықтық және бұрыштық жылдамдықты сипаттап бер?
Дене қозғалысындағы сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың маңыздылығы қаншама?
Жұптық жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Центрге тартқыш үдеу дегеніміз не?




2

Түсіну

Центрге тартқыш үдеу формуласын жаз?




3

Қолдану

Радиусы 40 м айналма жолмен автомобиль 20 м/с жылдамдықпен жүреді.Осы кезде центрге тартқыш үдеу неге тең болды?


4

Талдау

Дененің түзусызықты қозғалыс кезіндегі үдеуі мен центрге тартқыш үдеуді салыстыр?


5

Жинақтау

Центрге тартқыш үдеуге мысал келтір?






6

Бағалау

Дененің шеңбер бойымен қозғалысы кезінде центрге тартқыш үдеудің маңыздылығы қаншама?





Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар





Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

Жеке жұмыс.
 1. Хоккейші шайбаға 2 м/с жылдамдық бере отырып, жайлап клюшкамен соқты. Егер шайба мұзға үйкеліс нәтижесінде 0,25 м/с2 үдеумен қозғалса, соққыдан кейін 4 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?
2. Велосипедші төбешіктен 5 секунд ішінде 0,5 м/с2 үдеумен қозғала отырып түсті. Егер велосипедшінің бастапқы түсу жылдамдығы 18 км/сағ-қа тең болса, төбешіктің ұзындығын анықтаңдар.
3. Биіктігі 80 см столдан еденге қарындаш құлап түсті. Қарындаштың құлау уақытын табыңдар. (g≈10 м/с2).
4. Автомобиль түзусызықты қозғалып келеді. Автомобильдің жылдамдық векторының проекциясының уақытқа тәуелділік теңдеуі: υх=10+0,5t. Автомобильдің бастапқы жылдамдығының модулі мен бағытын және үдеуін анықтаңдар. Жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
5. Велосипедші тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Қанша уақыттан кейін велосипедшінің жылдамдығы 2 м/с-қа тең болады?

Ой қорытыу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет