Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым" 10- сынып



Дата30.11.2016
өлшемі42,25 Kb.
#2865
түріСабақ
ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің І деңгей сертификатталушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Давлетова Дилбар Акрамкуловна
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым" 10- сынып

Сабақтың мақсаты:


Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым" өлеңі туралы мағлұматтармен жете танысып, ақын шщығармашылығының мән- мағынасын түсіну, өлеңдерінің жазылуына қатысты өз ойын ашық айту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой салу,ойланту зерттеу, сұрақ қою, ой шақыру стратегиялары

Табыс критерийлері:

Сүйінбай Аронұлының өлеңдері туралы оқып, қысқаша баяндап береді.

Жырларын оқып мазмұнын қара сөзбен жеткізе алады.

Жырларын оқып, осы заманға баламалап өз ойларын білдіре алады.

Сабақтың көрнекілігі:

Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған әдебиет оқулығы, қосымша материалдар, электронды оқулық, дәлелдеу тапсырмалары.



Кезең

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру (3мин)

Мақсаты: Оқушыларды сабаққа жұмылдыру,оқу жағдайын туғызу.




1минут

"Атом малекла" ойыны арқылы топтарға бөлінеді әрі сергиді.

Ойын ойнап, сергиді, топтраға бөлінеді.

І топ, ІІ топ






Білу

Мақсаты: Шортанбай Қанайұлының "Зар заман" толғауы бойынша білімдерін анықтау




9 минут

Шортанбай Қанайұлы өмірінен "Жалғызаяқ жол" әдісі арқылы білген ақпараттарын анықтау. "Зар заман" толғауы туралы үзінділер жаттату

Шеңбер тұрып өлеңнің тармақтарын айта отырып жаттайды, "Жалғызаяқ жол" ойынымен Шортанбай өмірі мен шығармашылығына қатысты ақпараттармен ортақтасады.

Өзара бағалау

Түсіну, қолдану: Ақын туралы мағлұматтарды ашу. Топтарға тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу,пікір айтуға жетелеу.

Мақсаты: Ақынның өмірі, шығармашылығытуралы негізгі айтар ойын ұғыну



10мин

Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын "Джигсо" әдісі арқылы танысу, оқытып, мазмұнын ашу.

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен.

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емес...



І ,ІІ топ қосымша ақпарат көздерінен толық ақпарат іздестіреді. Жауаптарын жариялайды, кітаптан көрсетеді. Ғаламтордан жауап беруге әрекет етеді.

Топтық бағалау, жеке бағалау

Талдау

Мақсаты: Өлең туралы оқушы көзқарасы




5 минут

Ақынның бір шумақ өлеңін тақтаға жазып, жылдам жаттауларын сұрау. Тақтаға қайта жазғызу, салыстырту. Тақтаға жазылған ақынның бір шумақ өлеңін жылдам жаттау, тақтаға қайта жазу, салыстыру.

Оқушының өлең туралы көзқарастарын тыңдау



Жазылған өлең жолдарын қарасөзбен айтып, өз көзқарастарын жариялау

Халықты тілмен қорғадым,

Сөз шындыққа келгенде,

Бас кессе де болмадым.

Құтылып жарлы кеткенше,

Зорларды сөзбен торладым.



Өзара бағалау

Сабақтың салауаттылық бағыты

Мақсаты:Оқушылардың сабақ барысында шаршамауын қамтамасыз ету




1 минут

"Тұрғын, үй" ойынын ойната отырып, сергіту

Жылдам қозғалады. Көңіл- күйі көтеріледі.

әуен

Синтез (Жинақтау) Бағалау

Мақсаты:


Жаңа дүние жасау. Шығармашылық ізденістерін дамыту


15 минут

"Айналмалы бекеттер" Топтар конверт таңдай отырып, өздеріне сұрақ таңдайды.

1-топ: Неліктен байрақ бөрі суретімен болды?

2-топ: Ақын жауынгерлерді қалай шабыттандырды?

3-топ: Сүйінбай поэзиясының сыры неде?



Әр топ тақырыпты ашу үшін кітаптан, ғаламтордан, қосымша әдебиеттерден ізденеді. Өз ойларын түсіре постер дайындайды.

Осы заманмен салыстыра талдайды.

топтық бағалау

"Екі жұлдыз бір тілек"



Бағалау


1мин

Оқушыларды бағалау

Бағалау парақшасындағы ұпайлар негізінде өз бағаларын анықтау

Суммативті бағалау

Үйге тапсырма


1мин

Өмірі мен шығармашылығын әңгімелеу, сұрақтар құрастыру, "Бөрілі менің байрағым" өлеңін жаттау, мазмұнын эссе түрінде жазу,

Деңгейлеріне қарай тапсырманы орындайды.





Кері байланыс




"БББ" әдісі арқылы



Рефлексия береді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет