Сабақтың тақырыбы: Соғылулар, сынықтар, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, қан кету және ұзақ уақыт жаншылу синдромы



бет7/7
Дата05.11.2023
өлшемі46,83 Kb.
#189874
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
f60791a041ac880

Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның құйылуы (шығуы) .
ТЕСТ
1.Егер қол немесе аяқ жарақаттанса, оған ________ тартады.
А)резеңке
Б)таңғыш қалақ
В)парафин
Г)спирт
2.Сынған, созылған және буын шыққан кездегі алғашқы көмектің басты міндеті:
А)зақымданған аяқ-қолға барынша ауырсынатын күй қамтамасыз ету
Б)жедел жәрдем мен дәрігерді күту
В)зақымданған аяқ-қолға барынша ыңғайлы күй мен тыныштық қамтамасыз ету
Г)зардап шеккен адамның көңілін аулап, онымен сөйлесу болып табылады
3.Буыннан шыққан сүйекті өз бетіңмен орнына салуға болмайды, себебі:
А)ауырсынғаннан есеңгіреп, есінен танып қалуы мүмкін және тарамыс пен буын ұясына зиян келуі мүмкін
Б)эпилепсия басталуы мүмкін
В)дауыс тарамыстарына зиян келуі мүмкін
Г)көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін
4.Жарақаттарды диагностика жасап, емдеумен айналысатын дәрігер қалай аталады?
А)Хирург
Б)Оториноларинголог
В)Буыншығусынықшы
Г)Травматолог
5.Берілгендердің қайсысы сіңір созылудың белгісі болып табылады?
А)Аяқ-қол қысқарады
Б)Сүйек өзінше бір сықырлайды
В)Буын формасы деформацияланады
Г)Зақымданған жерді сипап көрген кезде ауырсыну сезіліп, ісінеді
Төменде көрсетілетін алғашқы көмек шараларын қандай жарақат кезінде қолданатынын анықтаңыз.
Созылу
зақымданған жерге суық басу керек (мысалы, суық суға салынған мата), қатты таңып тастап, зардап шеккенді медициналық орынға жеткізу керек. 
Ашық сынық
қанды тоқтатып, жараның шеттеріне 5%-ды йод ерітіндісін жағып, зарарсыздандырылған дәке таңу қажет. Содан кейін теріге зақым келтірмей, сынған жерді арнайы таңғыш қалақтың көмегімен қозғалмайтын күйге әкелу керек.
Омыртқа сынуы
алғашқы көмек кезінде зақымданған аяқты немесе қолды барынша қозғалыссыз болуын қамтамасыз ету керек. Ауруға бекітетін таңғыш салып, шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізеді.
Буынның шығуы
ауру адамды абайлап шереге немесе жалпақ тақтайға көрпе, пальто және т.б. төсеп, басына және иығына матадан оралған білік төсеп, омыртқаның ығысуы болмауын қатаң қадағалай отырып, екпетімен жатқызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет