Сабақтың тақырыбы: Соғыс қимылдары Ленинград шайқасы



Дата08.09.2017
өлшемі42,96 Kb.
#30963
түріСабақ
Қостанай облысы.

Арқалық қаласы.

«Арқалық түзеу мектебі» КММ

тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна.

Сабақтың тақырыбы: Соғыс қимылдары – Ленинград шайқасы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ұлы Отан соғысы тарихындағы Ленинградтың қоршауда қалуы қасіретті бет қана емес,сонымен қатар ол халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі екендігін, ұрпаққа берер ұлағатын ашып жеткізу;

2.Дамытушылық: Сабақ барысында оқушыларды тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, ойлау, елестету, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанын сүюге,елінің жерінің адал патриоттары болуға, және достық пен бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба,карта, батырлардың суреттері, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

2.Кезекшімен жұмыс. Сыныпта кім бар кім , жоғын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға сызба ілінеді, оқушылар сызбамен жұмыс жасай отырып үй тапсырмасын пысықтайды. КСРО сөзін ажырату, қазіргі қай мемлекет




Ұлы Отан

соғысы


Германия КСРО

Әділетсіз Әділетті


1. Басып алу.

2. Кеңес елін отарға айналдыру

3. Халқын құлдыққа түсіру.

4. қырып-жою, құрту.





  1. Кеңес халқы өзінің елін, жерін

Отанын қорғады.

2. Халқын құтқарды.




-Бұл қандай соғыс ?

-Қай мемлекеттің арасында болды?

-Германия неше бағытта КСРО-ға шабуыл жасады?

-Германияның мақсаты не?

III. Жаңа сабақ.

-Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.

Балалар біз бүгінгі сабағымызда КСРО-ның ірі қаласы қоршаудағы Ленинград

қаласын өтеміз.



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алатын Ленинград қоршауы. Нева жағасындағы ұлы қала от пен оқтың арасында 900 күн болды, қала қорғаушылары аштықтың да, қатал соғыстың да азабын бастан кешірді,бірақ берілмеді.Осындай,жан алысып жан беріскен айқаста қазақтар да қатысты. Білек түріп, кеуде тосып, қахармандық көрсетті.

Оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу



Мұғалім сөзі: Тақтаға ілінген Ладога өзені – «өмір жолы» суретімен жұмыс.

Ленинград қаласы үшін жан берісіп соғысқан батырларға тоқталу.



Көрініс: Соғысқа азаматтарды алу науқаны жүріп жатты, сол кезде Әлия Молдағұлова жүгіріп келіп ағай мені де жазыңызшы,менде соғысқа аттанамын Отанымды қорғаймын - дейді.

-Ал,атың кім?

-Алия

-тегің?


-Молдағұлова

-нешедесің?

-15-темін

-өте бер.



Сөйтіп, Әлия Молдағұлова 1942 жылы майданға аттанып сонда мергендер мектебін үздік бітіреді. Әлия ірі айқастарға қатысып мергендігімен көзге түседі. 1944 жылы Новосокольники стансасында қатты жараланып қайтыс болады.

М.сөзі: Сұлтан Баймағанбетов от шашып тұрған жау пулеметінің аузын бүкіл денесімен жауып, үнін өшірді. Өз жолдастарын өлімнен құтқарды.

1 минуттық үнсіздік

Сергіту сәті.

М.сөзі: Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңінен үзінді оқу.

- Оқушылар тақпақтарын айтады.

- Баласының майдандағы әкесіне жазған хаты оқылып, талданады

Сабақты бекіту: Сызба тақтаға ілінеді, оқушылар оқиды

Ленинград шайқасы

Халыққа не берді? Халықтан не алды?

Патриоттық сезім Адам өмірін қиды

Күш,қуат Жетімдер,мүгедектер көбейді

Достық пен бауырластық Шаруашылық құлдырады

Халық батырлары қалалар қирады



Дәптермен жұмыс

- 1941 жылы жау қаланы қоршауға алды

- қалада аштық басталды

- азық-түлік таусылды

- қаланы 900 күн қоршады

- Ладога өзені – «өмір жолы» деп аталуы



- 1944 жылы қала жаудан толық азат етілді

ән орындалады: ӘЛИЯ

Қорытындылау:

Үйге тапсырма: 4. Соғыс қимылдары – Ленинград шайқасын оқу

30 беттегі суретті салу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет