Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет1/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Күні: 04.09.15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4«А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш .
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: аСәлемдесу, оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Тіл және сөйлеу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін еске түсіру

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.


ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

5-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы.

Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келеді?

Қарамен жазған сөдерді басқа қандай сөздермен ауыстыруға болады?
6-жаттығу. Мәтінге ат қой.

Оқасы жоқ деген сөз қандай мағына береді?
8-жаттығу.

Өз әдептілік деңгейдегі тест тапсырмасын орындау арқылы бағала.. Сұраққа "иә", не "кейде", не "жоқ" деп жауап бер.

Балдарыңды есептеу арқылы жауап аласың.

Сыныппен қосымша жұмыс.

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Балықшы емес,

Балықты


Судан жиып алыпты.

Көрмесін деп оны ешкім

Дорбасына салыпты.

Қарамен жазылған сөздің түбірін тап, оған жалғанған қосымшаның түрін анықта.



V. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

VІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау 7-жаттығу. .

VІІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Күні: 04 . 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Сабақтың тақырыбы: К Оразбекұлы. Елтаңба мен Ту туралы жыр

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен

таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы:Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілігін арттыру. Сөздік

қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге

тәрбиелеу.
Сабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі:тақта, оқулық, слайд.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру.Психологиялық дайындық жасату.Оқушыларды 3 топқа бөлу
Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.М. Мақатаевтың Сүйемін, өскен Отанымөлеңін мәнерлеп оқыту.

2.Қосымша сұрақтар арқылы М.Мақатаев туралы білімін тиянақтау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Ойқозғау
-Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?
Өз білгендерін ортаға салады.
Ел рәміздерін көрсетіп, сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
«Елтаңба мен Ту туралы жыр».

1. Мәтінді оқу ережесін сақтап оқыту.

2.Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.
ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Елтаңба мен Тудың суреттері көрсетіледі. Артына сұрақтар мен тапсырмалар жасырынған. Ой толықтырады.
Топпен жұмыс. Оқушыларға білімдерін пысықтау және көрсету мақсатында топпен жұмыс жасау беріледі. 
1. Қос пырақ қандай елдерді аралапты?
2. Қыран олардан не деп сұрайды?
3. Пырақ не деп жауап береді?
4. Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
5. Диалог құру. Оқушыларға мәтін бойынша диалог құруға тапсырма береді. Пырақ пен қыран арасындағы диалогті жасайды. 
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім: Тапсырма 2. Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.
1. Ат ердің -....
2. Бергеннің..., бермегеннің....
3. Ел аралаған... болар.
4. Отан -... ыстық.
5.... – өлең төсегім.
Оқушылар:
1. Ат ердің - қанаты.
2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
3. Ел аралаған сыншы болар.
4. Отан - оттан да ыстық.
5. Өз елім – өлең төсегім
1-топ. Елтаңба туралы не білдіңдер? Елтаңбаның авторы кім?
2-топ. Ту туралы не білдіңдер? . Тудың авторын ата
3-топ. Әнұранның авторы.
Ашық сұрақтар. 3 минут Елтаңба мен ту туралы мен не білемін?
Нені білгім келеді?
Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?
Нені зерделеу керек?
Одан әрі не істеу керек? Кестені толтырып нақты мақсатты анықтайды.
Миға шабуыл. Жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдану.
Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларын атаңдар. Рәміздерді қай жерде, қалай қолданамыз? Оларды кез-келген жерде таптамай, күтіп ұстау үшін қандай іс-шаралар жасалып келеді?

V.Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
VІ.Бағалау:
Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу

Күні: 04 . 09.2015 ж.

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Арифметикалық амалдар.

Мақсаты: Мың көлеміндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдануды

пысықтай отырып,олардың мән-мағынасын түсіндіруді тереңдете түсу.

Білімділігі: Түрлі есептеулерде арифметикалық амалдардың орындалу ретін дұрыс

сақтай білуді пысықтап, білімдерін кеңейту;

Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,сөйлеу,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын

дамыту.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу;



Көрнекілігі: Таблица,көбейту таблицасы,карточка

                      Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық ахуал.

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

6-мысалдың орындалуын тексеру



ІІІ Жаңа сабақ. 

 «Ой қозғау»

Бірліктер класының бірліктерін ата

Екінші кластың бірлігін ата.

Тез есептеп үйрен.

(49:7*5+1):9*3;  (7*8+7):9*3:7;   28:7*4:2*3:6



Оқулықпен жұмыс.

 №1


Ер бала-120

Қыз бала-180

Әр бөлмеде 6 баладан. Неше бөлмеге орналасты? (120+180):6=50. Жауабы:50баладан немесе 120:6=20   180:6=30   20+30=20(баладан)

№2

709;780;789;700;     709=700+0+9; 780=700+80+0



  Тақтамен жұмыс:

243           599           2м 4дм 3см        5м 9дм 9см

356           246           3м 5дм 6см        3м 5дм 6см

599          343            5м 9дм 9см        2м 4дм 3см

                       

 

№5 Өрнекте



     см-мен                            дм-мен                       м-мен

3м 7дм 8см =378см            40см=4дм                  600см=6м

6дм 5см =65см                   500см=50дм              80дм=8м

8м 0дм 4см =804см           100м=10дм                1000см=10м

 

   Сергіту



 

№6

     ц-мен                               кг-мен                        т-мен



3т 3кг=314                         2ц 50кг=250кг             1000кг=1т

5т=5000кг=50ц                  1т=1000кг                    10ц=1т

1000кг=10ц                        3ц2кг=302кг                300ц=30т

ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі 

    « Сөзжұмбақ шешу»

№8

А) 3; 30; 300;          Б)345; 435; 543; 453; 354



 

Математикалық диктант

№9

А) 76+8; 8+84; 80+840; 840+760; 84+76;



Ә) 80*4; 20*4; 80:4; 20:4; 200*4; 800:4; 200:4; 800:400;

 

 



V.Сабақты қорыту

VІ.Үйге тапсырма №7 (1,2)

VІІ.Бағалау

Күні: 05 . 09.2015 ж.

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау.

Мақсаты:

Білімділігі: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлымағлұматберу.Бақылаудың

түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін

түсіндіру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу

дағдысын дамыту.



Тәрбиелігі: Табиғатқа жанашыр болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

 Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.



Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын

жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

-Біз қандай тарауды бастадық?

-Алғашқы адам жайлы ,оның дамуы жайлы не білдік?

-Мәдени –тарихи құрылыстар ,оларды қорғауды қалай түсінесіңдер?

-Әлемнің жеті кереметі туралы не білдіңдер?(жинаған материалдарын пайдалану)

Дәптерлерін аралап ,оқытып тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау «Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері»

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе: Табиғат деп нені айтамыз?

Ойланып еске түсіреміз. 3 класта өткенді қайталайық. Табиғатты зерттеуде қандай басты әдісті қолданамыз? Өлі ,тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар еді?Табиғатты зерттеуде қандай шамалар мен өлшем бірліктер қолданылады?

Оқулық бойынша балаларға түсіндіру.

3. Оқулықпен жұмыс.

 Дауыстап тізбектей оқыту

Зерттеу қорытындысы бойынша берілген мысалдарды теріп оқып ,талдау.

–Өздерің бақылау әдісін табиғат аясында пайдаланып көрдіңдер ме?

Ғарыштан бақылау туралы не айта аласыңдар? Тәжірибе не үшін қажет?

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту

- Адамдар нені бақылаған? - Ауа райын бақылау не үшін қажет деп ойлайсың?

- Өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау үшін не істеу керек?

-Аспан денелерін қалай зерттейді?



Ү. Үйге тапсырма: 22,23,24 беттерді оқу ,мазмұны. Дәптерге бақылау түрлерін кесте бойынша толтыру. «Бақылау күнделігіне »табиғатта байқағаныңды түсір.

ҮІ. Бағалау әр оқушыны жинаған фишкасына қарай бағалау.

Күні: 05 . 09.2015 ж.

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.

Тақырыбы: Қағаз және қатырма қағаз туралы түсінік. Қағаздан бұйым жасау

технологиясы: материалды жинақтау

 Мақсаты: 

Білімділігі: Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан

батпырауық жасау жолдарын үйрету;



Дамытушылығы: білімін, ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ 

Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабаққа дайындық

Мақсат қою кезеңі  Тақырыбын,мақсатын хабарлау
ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.

Батпырауықтың түрлерімен таныстыру:  қағаздан   жасалған батпырауық, полиэтиленнен жасалған батпырауық  

Сергіту сәті:
ІҮ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей

2 Сұрақ-жауап   Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?  Батпырауықтың ше?

          3 Қағаздан батпырауық жасау 

4 Техника қауіпсіздігі
Ү.  Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 4-9 бет оқу,  бағалау

 


Күні: 05. 09. 15.

Пәні: Таңдау пәні (Математикадан 105-сабақ).

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі:Шамахан Г. Ш .
Тақырыбы: 1,2,3 -сабақтар. Натурал сандарды қосу. Натурал сандарды азайту.

Кім жүйрік? (3-6 бет.)



Мақсаты:

Білімділігі: Натурал сандарды қосу, азайтуға байланысты

білімдерін түсіру,есептер шығару.



Дамытушылығы:Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ой-өрісі дамыту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Типі: Аралас сабақ.

Түрі: Білім-білік, дағдыларын бекіту.

Әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік әдістері, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

1. Натурал сандар ережесімен таныстыру

2. Қосуды орында:

342 +25=367 8895 + 573 =9468 7346 +7113=14459

3.Баған түрінде қосуды орында:

781 181 5618 13685

7 36 125 2119

4.Ең ыңғайлы тәсілмен ауызша есептеп, жауабын жаз:

а) 2608 +529 +392+271=3800

ә) 1016 +704 +250 +884 +296 =3150

5.Амал компаненттерін атап, теңдеулерді шеш:

х-23915= 70000 х - 75489 =967

х =70000-23915 х = 967 +75489

х = 46085 х = 76456



6.Өрнектің мәнін табыңдар:

175 +х +347 мұндағы х= 43;76

Сергіту сәті

2-сабақ

1. Азайтуды орында:

563 -7= 556 8563 -172=8391



Сергіту сәті

2. Баған түрінде азайтуды орында:

7895 816 56

- 179 - 97 - 7

3-сабақ.

Кім жүйрік?

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Бағалау
 Күні: 07 . 09.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Сабақтың тақырыбы:Қ.Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы

мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды,

идеяны ұғындыру.

Дамытушылығы: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өз ойларын,

көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.


Тәрбиелігі:Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген

патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:сурет, , кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтыбарысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. "Елтаңба мен Ту туралы жыр" мәтінінің мазмұынын сұрау

2. Рәміздер туралы білімдерін қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1 Қызығушылығын ояту.
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
2. Мақсат қою
Біз өткен сабақта Қазақстан, Отан туралы жырласақ, бүгін туған жеріміз туралы жырлаймыз. Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем»өлеңі.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).
3. Автормен таныстыру.
Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. 16. 09. 1937ж

Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы


көрнекті қазақ ақыны,«Сарыарқа» журналының редакторы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
«Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж)

4. Оқулықпен жұмыс.
1) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.
4) Сұрақтарға жауап алу
5. Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем.
Ықылым күн - өткен күн.
ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі
6. Дәптермен жұмыс
Мына ребустарды шешкенде, туған жер туралы мақалдар оқи аласыңдар. Ребустың шешуіндегі мақалдарды дәптерлеріңе жазыңдар.
Ребус шешу ----------------------,,, н ж - 6+н
ғ,, л,,,,,,,, --------------,, б,,, ------------------------,,, н ж д 2,,,,, ж,,,,-------------------- б, м,,,,

7.Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығару
2) Табиғат көрінісін бейнелеу
3) Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.
V.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
VІ. Қорытындылау.


VІІ. Бағалау.



Күні: 07. 05. 14

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі. Осы уақытқа дейін оқыған негізгі материалдарды қандай

деңгейде игергендерін анықтау.

Дамытушылығы: Логикалық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Білм, білік, дағдыларын бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық:

II. Жаңа сабақ:

1.Мақсат қою

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы бестікке қол жеткізу.

ІІІ. Сабақты бекіту:

1 – нұсқа 2 – нұсқа

1. Мысалдарды орында:

748+123= 855-452=

655-148 = 442+322=

789+101=956-663=
2. Амалдарды орында:

(230+70):100*2= 1030-90:3=

( 945+55): (122-22)= ( 565-65) :5=



3. Мәселе есеп:

Бір жиектен 17қияр, ал екінші жиектен Асан мен Үсен 45фишка бар.Егер Асанның

оған қарағанда 4қияр артық теріп алды. 20 фишкасы болса, онда Үсеннің қанша

Екінші жиектен қанша қияр теріп фишкасы бар?

алынды?
4. Өрнектерді салыстыр:


27+6*35-2 38+6*50-7

49-30*21-3 69-3*57+9

54-9*36+9 46-8*29+9

ІV. Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап арқылы

V.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VI. Үйге тапсырма беру: Қайталау
Күні: 08 . 09.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Диктант №1 Күз

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға,

тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:



Дамытушылығы: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;

Тәрбиелігі:адамгершілікке, сұлулыққа,

ұжымшылдыққа баулу.



Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын

түгендеу.


Мақсат қою кезеңі:

- Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Олай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІ. Жаңа сабақ.

Мәтінмен таныстыру.

Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.


Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Олар қысқа әртүрлі дайындалады. Біреулері қысқы азықтарын жинайды. Енді біреулері денелеріне май жинап, қыс бойы ұзак ұйқыға кетеді. (59 сөз)


Тапсырма.

1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.

2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІІ. Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау.

ІҮ. Бағалау . Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын

жүргізу.


Күні: 08. 09. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Қосу және азайтуға берілген есептер және оларға кері есептер

Мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік, дағдыларын

жетілдіру;



Дамытушылығы: өз бетінше жұмыс істеу, тұжырым жасау дағдыларын, логикалық

ойлауларын дамыту.



Тәрбиелігі: әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық .

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

Өткенді қорыту: 1.Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз?Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ?

2. Ауызша жаттығулар. а) Мен «көбейту» белгісімін, қосуды оңайлату үшін ең алдымен бар балаға санап шығуды ұсынамын.



  • Жүздікпен санаңдар, әуелі 0-ден 1000-ға дейін және керісінше.

  • Ондықтармен санаңдар, 0-ден 100-ге дейін және кері.

Б). «Гиннестің рекордтар кітабынан» диктант.

1. Метрмен өрнекте. Ең биік құйынның биіктігі 1 км528 м. Бұл құйын Австралияда болды. (1528м)

2. Метрмен өрнекте. Ең қалың мұздың қалыңдығы 4 км 776м. (4776м)

3. Минутпен өрнекте. Ең ұзақ көрінген кемпірқосақ аспанда 3 сағат тұрды. Ол Англияда болған еді. (180 мин)

4. Граммен өрнекте. Ең үлкен қызанақ Америкада өсірілді. Оның массасы 3 кг51 г. ( 3051г)

Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.қосу мен азайту - кері амалдар екенін дәлелде:

350 + 40 = 390 390-40 = 350 390 - 350 = 40

780 -700 = 80 80 +700 = 780 700+80 = 780

420 + 200 = 620 620 - 200 = 420 620 - 420 = 200

№ 2. Есептерді шығар. Салыстыр. Қорытынды жаса.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет