Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды.
|
Шығармадағы көріктеу-айшықтау (көркемдегіш) құрал-
д арын, мақал-мәтелдерді, ауыспалы сөздерді тауып, дәптерге жазады.
|
Дескриптор:
-Топқа бөлінеді.
- Ауыспалы сөздерді табады.
-Дәптерге жазады.
Жалпы - 4 балл
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
Жұптық жұмыс
|
Мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс ұсынады. Қадағалайды.
Пікір алмасады. Кері байланыс орнатады.
|
Шығарманың қаһарманы деген ұғымға анықтама береді.
Ханның Жаманды ««Барсакелмеске» жұмсауына не себеп болды?» деген сұраққа жауап іздейді.
|
Дескриптор:
-Жұппен жұмыс жасайды.
-Ұғымға анықтама береді.
Жалпы - 6 балл
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|