Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалайды.
Кері байланыс орнатады.
|
«Тіршілікте құрыштай бол төзімді», «Жүргендер көп
достық атын малданып» тіркестерін қолдана отырып, төзімділікке,
өмірге, достыққа арнап өлең шығарады.
|
Дескриптор:
-Өз ойын түйіндейді.
-Өлең жазады.
Жалпы - 5 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Жұптық жұмыс
|
Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Шығармашылық жұмыс.
1. «Тағдырыңды еш уақытта жазғырма» деген өлең жолдарына мән береді. Адамның жақсы болуы, жетістікке жетуі өзінен басталатынын өз ойларымен дәлелдейді.
2. «Өмірің – өз қолыңда» тақырыбында қоғамдағы байқалатын келең-
сіздіктерге қарсы сыни үндеу жазады.
|
|