Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. 1-4 жаттығу


(МК; Ұ) Мәтінді мұқият тыңдау



бет82/99
Дата07.02.2022
өлшемі1,45 Mb.
#82190
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99
Байланысты:
Қазақ тілі ҚМЖ ІІІ т.

(МК; Ұ) Мәтінді мұқият тыңдау.
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда әкесі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
– Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
– Енді сол шыбықты бір-бірлеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, бір-бірлеп бырт-бырт еткізіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: – Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
– Түсіндім. Әке, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
– Бәрекелді, балам, дұрыс таптың! Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы, – депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет