3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Жұмбақты шешу. Тәуелдеулі зат есімдерді табу.
Шығармашылық үзіліс.
41-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіреді. Жұмбақтың шешуі: домбыра.
|
айтылым
тыңдалым
айтылым
айтылым
|
1 минут Сергіту сәті
|
Ой сергек!
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады).
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орында тұрып жүгiредi).
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
|
айтылым
|
|
3.1.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтау.
42-жаттығу. Оқушылардың зейіні оқулықтағы суретке аудартылады.
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңіндегі мазмұны осы суретке сәйкес келетін жолды анықтап, табады. Сол шумақтың мазмұнынан не ұққанын әңгімелеп айтады.
|
айтылым
|
Сабақтың соңы
1 минут
|
(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.
|
Кері байланыс
|
1 минут
|
Үйге тапсырма: 43-жаттығу 30 - бет
|
Күнделік
|
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау:
Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі
Сауатты, көркем жазады.
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|