3.4.2.3 (МК; Ө; Ұ; Қ) Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беру. Етістіктерді табу.
7-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді. Етістіктерді табады. Дара, күрделі түрлеріне ажыратады.
3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемді көшіріп жазу.
8-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемді көшіріп жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің
басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Көп нүктенің орнына дара етістіктерді тауып жазу.
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына дара етістіктерді тауып жазады. Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазады.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. 3.1.2.1 (Т; Қ) Сурет бойынша мәтіннің тақырыбын болжау. Мәтінге ат қою.