Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту



Дата04.08.2017
өлшемі75,69 Kb.
#22635
түріСабақ
Қазақстан Республикасы

Атырау қаласы

Атырау селосы

Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұғалімнің аты-жөні:Бекбосынова Лаура Серікқызы
Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Сөз таптарының түрлерін ажырата білуге, жаттығудың тапсырмаларын дұрыс орындауға, сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.
2. Оқушының ой - өрісін, сөздік қорын, белсенділігін, жеке тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Сауаттылыққа. дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, үлестірмелі қима қағаз, жұмбаққа байланысты суреттер,


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу

Ал, қәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға

Сабаққа назар салайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

-Оқушылар, біз өткен сабақты пысықтап алайық

*Түбір сөз дегеніміз не?

*Қосымша нешеге бөлінеді?

*Жұрнақ, жалғау дегеніміз не?

*-паз, -шық, -хана жұрнақтарын жалғап жаңа сөз жаса

* Түбірлес сөздер деген не?

5-жаттығу

Жұмбақ

Көкте жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (қар)

III. Жаңа сабақ

«Математикалық текшелер»
16



46




7




68



100




50




30см2


76




9




21

* Тік төрт ұзынд 6см, ені 5см. S=? * 42 нешеге тең?

* 7*3 көбейтіндісі нешеге тең? * 1 ғасырда неше жыл бар?

* 25*2 көбейтіндісі нешеге тең? * 92-16 сандарының айырмасының мәнін айт

* 34+34 қосындысының мәні? * 63:9 бөліндісінің мәнін тап

* 81:9 бөліндісінің мәні ше? * 60-14 айырмасының мәнін нешеге тең?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөз табының ережелер, мысалдар
V. Оқушыларды топқа бөлу

Мына менің қолымда жазылған ақ парақшаны ала отырып қай сөз табының сұрағы келсе, сол топ таңдаған сұрағының тобын иемденеді.
VI. Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерлеріне күннің жадысын, сабақтың тақырыбын жазады
VII. Оқулықпен жұмыс

«Ойлан, ортаға сал» әдісі

1-жаттығу

*Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді ........................ дейміз. (зат есім)

*Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер............................ деп аталады. (етістік)

*Заттар әртүрлі мөлшеріне ретіне (саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер................... деп аталады. (сан есім)

* Заттар әртүрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы) ие. Тілімізде мұндай белгілер................... деп аталады.

(сын есім)
VIII «Сұрақ менен-жауап сенен» әдісі

2-жаттығу (ауызша)

Зат есім

Етістік Нені білдіреді?

Сын есім Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім
IX. Тақтамен жұмыс

«Адасқан сөздер» кестесі

3-жаттығу

Кестеге сай әр топтан бір оқушы шығып, мағыналарына қарай кесте бойынша орналастырады және бір сөзге сөйлем ойлайды.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс

оқыды, жуынды, жүзді

көк, үлкен, биік, жасыл

екі, жеті, отыз


X. Демалыс тренингі


«Кім тапқыр?» ойыны

4-жаттығу

Қайық жүзеді. Бала жүреді. Бақа секіреді. Доп секіреді. Құс ұшады. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.
XI Сергіту сәті

Қәне, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз,

Сергітуге мың алғыс!
XII Шығармашылық жұмыс

«Сөзқұрақ» гүлтешелері

Әр топқа берілген гүлтешелері бойынша тапсырма орындалады.

3-4 әріптен тұратын зат есім

4-5 әріптен тұратын сан есім

5-6 әріптен тұратын сын есім

6-7 әріптен тұратын етістік

Ағаш, әке, бұлт, нан, тұз, қант, ұшақ

Төрт, жеті, сегіз, отыз


Қоңыр, аласа, жасыл, көкшіл

Жүгірді, ойнады, секірді, құлады



XIII Дәптермен жұмыс

«Жасырынды сөз»

5-жаттығу

*Мына парақшаның артында жасырынған сөздер бар. Сол сөздердің мағынасына қарай сөз таптары қалташаларына орналастыр. Сондағы жасырылған сөздерді тауып, оқып, дәптерімізге әдемі етіп жазамыз.

Сын есім Сан есім Зат есім Етістік

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім? (Барлығы 8 кіші ішік)


*Жаңылтпашты 1-2 оқушыға қайталатып жатқа айтқызу
XIV Топпен жұмыс

«Суретті жұмбақ сөйлейді» әдісі

*Әр топ жұмбақтың шешуін сөз таптарына байланысты сипаттап айтып береді және жұмбақтың шешуіне бір сөйлем ойлау


1. Қалың киімді ұнатады, * кім? не? (З.е)

Шешіндірсең жылатады. (Пияз) * қандай? қай? (сын е)

* қанша? неше? (сын е)

2. Қанаты жоқ ұшпайды, *не істейді? нығылды? қайтті? (етіст.)

Су асытнда қыстайды. (балық) * шешуіне бір сөйлем ойлау
3. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)


4. Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)


XV.Сәйкестіндір

7- жаттығу

Әр топ өз сөз таптарына қатысты сөздерді тауып жазу

Зат есім; Аққу, емен, оқулық, ауа.

Сын есім; Әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Сан есім; Жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың



Етістік; Биледі, өсті, тазалады, ұшты.
XVI.

XVII. Сабақты қорыту

«Күншуақ» әдісі

КҮН- сабақты жақсы түсіндім

КҮН БҰЛТТЫ-сабақты түсінсемде аздап шатасамын, қиналамын



ҚАРА БҰЛТ- маған көмек қажет
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет