Үй тапсырмасын пысықтау:
Омоним, синоним, антоним кездесетін мақал-мәтелдер жазу.
Терең көл - .........
Түн - .........
Жаз - ........
Күн - ........
«Мақалды жалғастыр»
Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді орнына қой, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?
Арқанның ұзыны жақсы, әңгіменің ...... жақсы.
Дұшпанға тастай қатты бол, ....... балдай тәтті бол.
Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы ...... қолды болар.
Ақыл - дос, ашу - ........
Ақымақ ішкен - жегенін айтады, .......көрген - білгенін айтады.
Көп сөз – күміс, ..... сөз-алтын.
Қыс арбаңды сайла, ...... шанаңды сайла.
Жақсылық ағаш басында, .. ... ...аяқ астында.
Қысқасы, досқа, жаман, дұшпан, ақымақ, аз, жаз, жамандық.
Төмендегі антоним сөздерді жұп – жұбымен жаз (плакатта орындалады)
Қара, бар, қол, семіз, жоғары, жақсы, кіші, төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш, арық, жақын, жаз, ерте, жоқ, нашар,қыс, ақ.
Қара — ақ жақсы – жаман
алыс – жақын кіші – үлкен
кеш – ерте жаз — қыс
бар – жоқ қол – аяқ
семіз – арық жоғары – төмен
«Талдау- табыс кілті» «Көрікті» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Көрікті -7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын, 3 дауысты, 4 дауыссыз
К- дауыссыз, қатаң
Ө –дауысты,жіңішке, ашық, еріндік.
Р – дауыссыз, үнді
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
К- дауыссыз, қатаң
Т – дауыссыз, қатаң
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
Достарыңызбен бөлісу: |