Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері. ІІ. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата26.08.2017
өлшемі41,98 Kb.
#28691
түріСабақ
1. 7 « В» сынып .Ашық сабақ.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

1. Спорт түрлері тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру;

Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;

Оқушыларға спорт түрлері туралы таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулу. Салауатты өмір салтын жүргізу.

Түзету дамытушылық :Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалардың психологиялық ерешеліктеріне назар аударып тапсырмалар құрастыру. Ауыз екі сөйлеу тілдерін қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттерімен жұмыс, сөз одағын құру, кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.

Пәнаралық байланыс:

Дене шынықтыру, тарих, қазақ әдебиеті

4.Сабақтың көрнекіліктері:

Сызбалар, суреттер, мақал-мәтелдер т.б.

ІІІ. Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру, сәлемдесу.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

«Спорт шынықтырады,

Ұйқы тынықтырады.

Спорт өмірді ұзартады,

Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны, Қазақстан спортының мақтаныштары туралы сөйлесеміз.

4. Үй тапсырмасын тексеру. 170- бет, 5- тапсырма.

1.Жеке жұмыс

Б.., үй..рме, денс..улық, ..нер,ша...ғы, ж..зу, ой..ндар, спортш... .

2. Футбол деген сөзді септеу.

3. Күресші деген сөзді жіктеу.

5. Спортқа байланысты жаңалықтар дайындап келу видео .

( Тілші Қазақстан бойынша және қала байынша спорт жаңалықтармен таныстырады)

Сергіту сәті: Кәне,балалар,тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып қаламыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Түсініксіз сөздермен жұмыс:

Салауатты өмір – ЗОЖ

Маңызы зор – большое значение

Күнделікті қолданыста –

Жетістіктерге жетеді – добиваться успехов

особое внимание –ерекше көңіл                           

рациональное питание ¬– тиімді тамақтану

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Спорт түрлері»

Мәтін «Спорт түрлері» атты мәтінмен жұмыс жасаймыз.


Спорт денсаулықты жақсартады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай түрлерін атай аламыз:коньки,шаңғы тебу,қол күрестіру, футбол,волейбол, баскетбол,бокс,еркін күрес,жеңіл атлетика,ауыр атлетика,тейквондо,дзюдо,велоспорт,жүзу,т.б
Егер адам осы спорт түрлерінін бірімен айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуға үлес қосамыз.

Ү.Мәтінмен жұмыс.

Мұғалімнің мәтінді оқып, таныстыруы.

Оқушылардың мәтінді оқуы.

Сұраққа жауап беру:

— Спортпен айналысудың маңызы қандай?

— Елімізде спорт қалай дамып келеді?

— Спорт түрлерін ата?

— Адам спорт түрлерімен айналысса неге жетеді?

ҮІ. Тірек сызбамен жұмыс.

Ү ІІ.Тақтамен жұмыс.

Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

Мектепте, спорттық, біздің , жарыс , өтті.

Барлық, қатысты, оған, оқушылар.

Үш қатарға тапсырма беріледі.

Футболдан, жеңді, команданы, барлық, сыныптастарымыз, біздің.

І. Бекіту.

1. Ауызша орындау.

2. Сұраққа жауап алу.

ҮІІ І. Қорытындылау.



1. Үйге тапсырма беру. Ұнататын спорт ойындары, спорт туралы мақал – мәтелдер дайындаңдар.
Бағалау.

Ал мен сіздермен қоштасамын. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет